
Павлодар қаласының № 43 жалпы орта мектебінің тарихы теміржолмен тікелей байланысты. Алғашқы рет балалар 1921 жылы парталар мен оқулықтарға отырды. Мектептің құрылуы мен жетілдірілуінің бастауында мектептің бірінші директоры Владимир Моисеевич Лифшиц, содан кейін осы мектепте 35 жыл директор болып жұмыс істеген Николай Захарович Семига болды. Алдыңғы қатарда олармен бірге педагогикалық іс шеберлері: Тамара Андреевна Попова, Бахыт Елеуқызы Тұнғат, Татьяна Рахматулловна Самекина, Людмила Георгиевна Козлова, Зинаида Васильевна Хотянович, Бибігүл Мырзабайқызы Шәкенова болды және бұл тізімді шексіз жалғастыруға болады. Бұл мұғалімдердің барлығы аймақ ұстаздарының алтын қорына кіріп қана қоймай, сонымен қатар жүздеген ризашылық білдіретін оқушыларды тәрбиелеп, олардың үлкен өмірге қадам басуларына септігін тигізген адамдар.
Салтанатты шараға әр түрлі жастағы екі жүзден астам түлек жиналды. Олардың арасында жақын және алыс шетелдерден келгендер де болды. Мектеп өзінің түлектері: 1999 жылғы түлек Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Анатольевна Гладышевамен, 2004 жылғы түлек «Ақ жол» партиясы Павлодар филиалы төрағасының орынбасары, Павлодар аудандық маслихатының депутаты Дмитрий Викторович Корепановпен, 2005 жылғы түлек Мәскеу қаржы университетінің аудит және корпоративтік есептілік кафедрасының доценті, Гордова Маринамен, 2007 жылғы түлек «Ақ жол» партиясы Павлодар филиалы төрағасының орынбасары, «Алтын белгі» иегері, биатлон бойынша Қазақстанның бес дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Сочидегі Қысқы олимпиаданың қатысушысы Усанова Дарьямен, 2008 жылғы түлек «Ирбис» телеарнасының тілшісі Буланов Артеммен мақтанады.
- Мектебіміздің өз ерекшелігі бар, бұл - ұрпақтар сабақтастығы. Біздің түлектер көптеген жылдар өтсе де, мектебімізге оралады, біреулері мұғалім ретінде біздің педагогикалық қатарымызды толықтырса, кейбірі ата-ана ретінде балаларын, тіпті немерелерін де әкеледі. Біз олармен үнемі байланыста боламыз, кейде бүкіл әулет болып біздің мектепте оқиды, - деді директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Шәкенова Бибігүл Мырзабайқызы.
Кештің мерекелік бағдарламасы қанық болды, онда «Жас ұлан» балалар - жасөспірімдер ұйымының қызметі көрсетілді. Осы айтулы күнге орай жасұландықтар сүйікті мектебі туралы газеттер мен балалар журналдарында мақалалар, өлеңдер мен суреттер шығаруды, «Мектеп тарихы» фотоплакаттар байқауын, «Мерейтойыңмен, сүйікті мектебім!» бейне құттықтауларды, «Менің сүйікті мектебім - балалардың көзімен!», «Мектепке сыйлық» қолөнер көрмелерін, «Біздің мектепте оқу - отбасылық дәстүр» бейнероликтерін шығаруды арнады. Әсіресе балалар біздің педагогикалық еңбек ардагерлері: Галина Михайловна Горецкаямен, Майра Крыкбаевна Кудеринамен, Баян Вахитқызы Сыздықпаевамен, Ирина Васильевна Герасимовамен, Людмила Григорьевна Хонинамен жылы әрі ұмытылмас кездесулер есте қалды.
Концерттік бағдарлама мектептің «Реванш», «Royallkids» вокалдық және би топтарымен, мұғалімдер педагогикалық еңбек ардагерлерімен бірлесіп дайындалды.
Кештің салтанатты бөлімінде 22 педагогикалық еңбек ардагерлері мен мектеп қызметкерлерінің көп жылдық шығармашылық еңбегі үшін Павлодар облысы білім беру басқармасының, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің грамоталарымен, облыстық және қалалық кәсіподақ ұйымдарының білім қызметкерлерінің грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталды.
Бүгінгі таңда мектеп жаңа заман талаптарына сәйкес 1190 оқушыға сапалы білім беру және тәрбиелеу үшін қажетті оқу – материалдық базаға ие. Мектеп оқушыларының облыстық және қалалаық «Зерде» ғылыми–зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурстарында, республикалық ғылыми жобаларды қорғау конкурсында жетістіктерімен мақтанады. Мәселен, 10 сынып оқушысы Тимофеева Анастасия мен 5 сынып оқушысы Реснянская Полина облыс әкімінің «Тәулсіздік ұланы» сыйлығымен марапатталды. Соңғы екі жылда 7 түлек мектепті «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестатпен бітірді.
- Мектеп таңғажайып, қызықты, шығармашылық өмір сүруде. № 188, 180, 108 теміржол мектебінің ұстаздары салған құнды және адамгершілік дәстүрлерді бүгінгі мектептің педагогикалық ұжымы жалғастыруда, - дейді мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары Мария Васильевна Копнышева.