2023 жылғы шілдеде Мәскеу қаласында жыл сайын өтетін «Шексіз балалық шақ» халықаралық фестиваліне Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің 25 оқушының «Золотая нить традиций», «Волшебная кисточка», «Подарок другу», «Ярмарка ремесел» номинациясы бойынша жұмыстары жіберілді.
Байқау қорытындысы бойынша қазан айында Павлодар мектебінің 16 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.
13 жастағы «Айсұлу» суреті үшін Ксения Шиповская, 15 жастағы «Страсти по Ван Гогу» жұмысы үшін Калиева Дильназ, жетекшісі Рейн Светлана Евгеньевна, 15 жастағы «Кеңес Одағының Батыры Рубен Руис Ибарурр» жұмысы үшін Кацарская София I орынды алып барлығы байқаудың дипломдарымен марапаттады. Жетекшісі Шушаев Шамиль Ракымбекович.
15 жастағы Аятова Аяна «Бесікке салу дәстүрі» суреті үшін, жетекшісі Ловина-Самошкина Александра Станиславовна, 13 жастағы Чабанова Софья, «Менің шеберханам» жұмысы үшін, 15 жастағы Бауыржан Азиза, «Отбасылық наубайхана» суреті үшін II орынды иеленді және дипломдар алды. Жетекшісі Рейн Светлана Евгеньевна
III орынды иеленіп, дипломдармен марапатталғандар: 8 жасар оқушылар Червинская Есения «Коллекцияны толықтыру» суреті үшін, Исабекова Айлин «Мұқият есте сақтайық!», Серік Айлин «Күн суретшісі» суреті үшін, жетекшісі Масленникова Инна Владиславовна, 10 жасар оқушылар Оралхан Айханым «Көк аспан астында» суреті үшін, Цыганко Варвара «Әженің кілемі» суреті үшін, жетекшісі Мұхаметқалина Гүлнар Мерғалимқызы, Герасименко Софья, 13 жаста «Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова» суреті үшін, Солоденко Илья, «Буренка» суреті үшін 14 жаста, жетекшісі Решетова Наталья Владимировна, Абдулкаюмова Дарина, чиеплетение техникасындағы «Сәндік натюрморт» суреті үшін 14 жаста, жетекшісі Ахметжанова Татьяна Васильевна.
- Оқушылардың жұмыстары әр түрлі техникада орындалды: кескіндеме, акварель, графика, сәндік-қолданбалы өнер. Негізінен балалар «Золотая нить традиций» номинациясы бойынша жұмыстарды орындады. Онда олар қазақ халқының дәстүрлі қолөнері туралы айтты: чиеммен тоқу, құрақ құру және киізден жасалған коллаж. Кішкентай қатысушыларды «Волшебная кисточка» және «Подарок другу» номинациялары қызықтырды, - дейді директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Инна Масленникова.