Павлодар монтаждау колледжінің АҚКЖ 36-21 тобының студенттері ағымдағы жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында "Ертіс-Лада" автосервисінде дуальды оқыту шеңберінде практикадан өтеді. Бұл ұйым шанақты диагностикалау, шанақ тіректерін ауыстыру, шанақтың қорғаныш жабындары, тегістеу, жылтырату, дәнекерлеу және т.б. сияқты қызметтерді жүзеге асырады.
Студенттер нақты режимде қажетті жұмыс дағдыларын алады. Бұл тәжірибе үшін жауапты А.М.Байбулова. Практикалық дағдыларды алған студенттер еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар болып табылады.