Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығы 2023 жылғы 20 қыркүйекте № 7 ЖОМ-де республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты – оқырман мәдениетін, рухани әлеуетін дамыту, классикалық көркем әдебиетке танымдық қызығушылығын арттыру. Павлодар қаласының 17 жалпы білім беретін мектебінің 8 - 10 сыныптарының 52 оқушысы қатысты.
- Байқау күрделі проблемалық тапсырмаларды шешу қабілетіндегі, нақты материалға сүйене отырып, өз пікірін дәлелдей білудегі жарыс болып табылады. Айта кету керек, кітапты оқу тек игерілуі керек мектеп пәніғана емес, сонымен қатар басқа мектеп пәндерін игеру құралы болып табылады. Кітап – керемет дос. Шынында да, әдебит ұлғалар арасында сіз, өзіңізді ешқашан жалғыз сезінбейсіз, - дейді «Павлодар дарыны» орталығының әдіскері Айгүл Жылқыбайқызы Шакенова.
Байқау оқылған әдебиеттер бойынша тест тапсырмаларынан және ұсынылған тақырыптардың біріне эссе жазудан тұрды. Қазыларалқасыныңқұрамындақаланыңжоғарыоқуорындарыныңоқытушыларыжұмысістеді.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 28 оқушы болды, оның ішінде бірінші орын - 3, екінші орын - 7, үшінші орын - 18.
І орынды А. Бөкейхан атындағы лицей-мектептің 8 сынып оқушысы Молшина Данайым, № 35 мектептің 9 сынып оқушысы Манат Саида, № 17 мектептің 10 сынып оқушысы Шәкәрім Аймгүли еленді. Олар өз эсселерінде Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі туралы, Шерхан Муртазаның «Қызыл жебе» тарихи романынан Ресей үкіметінің мүшесі болған алғашқы қазақ мемлекет қайраткері Джим Хокинстің «Испаньола» шхунерінде Қазына аралының жағалауына, ескі қарақшы Билли Бонсқа, бір аяқты Джон Сильверге, нағыз джентельмен доктор Ливсиге және Роберт Льюс Стивенсонның ең әйгілі «Қазына аралы» хикаясының барлық басқа кейіпкерлеріне саяхат туралы, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» роман-шежіресіндегі Қазақстан аумағындағы тарихи оқиғалар туралыжазды.
II орынды № 7, 17, 25 мектеп оқушылары, М. Әлімбаев, М. Жүсіп, Б. Момышұлы, Ж. Тәшенев атындағы мектептің оқушылары, III орынды № 2 (2), 33 (2), 35 (2), 40 (4), 41, Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектеп (2), Малайсары батыр атындағы, М. Жүсіп атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Кенжекөл мектебінің (2) оқушылары иеленді. Олардың еңбектерінде Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» шығармаларының кейіпкерлері болды. Жас оқырмандар сол кездегі тарихи оқиғаларды, қазақтардың тәуелсіздік үшін күресін жеткізуге тырысты. Басты кейіпкерлердің прототиптері Тәуке хан, Әбілқайыр хан, Бөкенбай Батыр.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары қыркүйек айында облыстық кезеңге қатысады.