Абай шығармалары бойынша балалар көрмесі

Абай шығармалары бойынша балалар көрмесі

Ұлы Абайдың туған күніне орай Павлодар қаласының Балалар  көркемсурет мектебімен С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында  «Абай ойының ұлылығы» атты балалар көрмесі ұсынылды. Мектеп оқушылары көрмеге  Абайдың өмірбаяны және шығармалары бойынша  әртүрлі техникада жасалған 20 жұмыс - портреттер, пейзаждар, плакаттар дайындады.

Мектептің 100-ден астам оқушылары  оқу жылының 4 тоқсаны бойы осы күнге дайындалды - Абайдың өмірбаянын зерттеді, оның шығармаларымен мектепте және өз бетінше танысты. Балалардың суреттерінен оның кейбір поэзиялары туралы түсініктері мен көзқарастарын бейнелегенін көруге болады.

Сонымен, 14 жастағы Диана Забияка мен 13 жастағы Айяна Жұмабаева «Көктем» өлеңіне суреттемелер салды, бірақ олардың әрқайсысы өз көзқарасы арқылы бейнеледі. София Басок, 14 жаста «Қыс» шығармасы бойынша гуашь бояуларымен қысты көркем және бейнелі түрде жеткізді. 14 жастағы Эвелина Саваровская «Күз»  өлеңінде дала күзінің сипаттамасын өте нәзік сезінді. Смаилова Бақыт, 13 жаста Абайдың «Аң аулауда» шығармасын өзінше иллюстрациялады. «Өз жолыңда абайлап жүр»  жұмысында 13-жасар Алина Текиева Абайдың қара сөздерінің бірін қалай ұққанын бейнелеп көрді.

Көрмемен қатар жалпы орта білім беру  мектеп оқушылары «Абай оқуларына» қатысты. Олардың өнер керсетуі және балалардың суреттері ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздері туралы  көрнекі әңгімелейді.

        - Бұл жобаның ең бастысы - балалардың Ұлы қазақ  ақыны және философы жазған шығармалары мен ойларының ұлылығын терең сезініп ұққандары, - деді көркемсурет мектебінің оқытушысы  Шайкенова Жанар Ержановна  жас авторлармен көрме презентациясын өткізгенде.