Интеллектуалды-танымдық викторина

Интеллектуалды-танымдық викторина

Павлодар қаласы білім беру  бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Жазғы MIX - 2023» қалалық жазғы бағдарламасы аясында 2023 жылғы 5 шілдеде «Квиз, плиз - Астана» қалалық зияткерлік-танымдық викторинасы өткізілді. Мақсаты - жазғы кезеңде оқушылардың бос уақытының  қамтылуына жағдай жасау, шығармашылық қабілеттерін қолдау және дамыту, ел тарихын білу.

Викторина шарттары бойынша қатысушылар 30 минут ішінде математика, Қазақстан тарихы бойынша логикалық сұрақтарға жазбаша жауап берді.

Викторина қорытындысы бойынша № 6, 7, 41, 43, М. Жүсіп атындағы, Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ 5 - 6 сыныптың 14 қатысушысынан  3 қатысушы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды, қалған барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарын алды.