
2023 жылдың 21 маусымында балалар көркемсурет мектебінде домбыра күніне арналған «Дала әуені» қалалық байқауы өткізілді. Оған қаланың 17 жалпы білім беретін мектебінен 105 бала қатысты. Қазақстан Республикасы суретшілерінің мүшесі Ольга Ивановна Ловинаның төрағалығымен қазылар алқасы 2 жас санатында жүлделі орындарды белгіледі.
11 - 15 жас аралығында 1 орынды графика техникасындағы «Киелі домбыра» суреті үшін Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОМ оқушысы Алияна Сапарғали, 15 жаста, 2 орынды гуашь техникасында орындаған «Күмбірлеген домбыра» суреті үшін № 7 ЖОМ оқушысы Жасмина Жунусова, 13 жаста, 3 орынды түрлі-түсті қарындаштар техникасыдағы «Дина Нұрпейісова» суреті үшін Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖОМ оқушысы Сафина Низамутдинова, 11 жаста, иеленді.
7 жастан 10 жасқа дейінгі жас санатында 1 орынды фломастерлер техникасында орындаған «Домбыра сиқыры» суреті үшін № 6 ЖОМ оқушысы Валерия Васильева, 6 жаста, 2 орынды түрлі-түсті қарындаштармен салған «Домбыра» суреті үшін № 39 ЖОМ оқушысы Лиза Черткова, 9 жаста, 3 орынды түрлі-түсті қарындаштар техникасы бойынша «Кең дала домбырасы» суреті үшін № 46 ЖОМ оқушысы Самал Жаманбаева, 8 жаста, жеңіп алды.
- Барлық суреттерді балалар байқау тақырыбы бойынша салады. Қатысушылар домбыраның тарихын, өнердің осы түрін орындаушыларды зерттеді. Балалардың музыкаға қызығатыны, күй және басқа да домбыраға арналған шығармаларды тыңдайтыны қуантады. Расында да, қазақ халқының арасында домбыра ең танымал аспаптардың бірі және оның үні әрбір қазақстандыққа жақын, - дейді көркемсурет мектебі директорының орынбасары Гүлнар Мұхаметқалина.