Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Жазғы МІХ - 2023» жазғы жобасы аясында 2023 жылғы 21 маусымда № 7 мектепте «Спорт ENERGY» қалалық жазғы спорттық жобасының төртінші кезеңі «Көңілді мәрелер - 2» жарысы өткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, «Әкем, анам, мен спорт отбасымын», «Көңілді мәрелер - 1» жарыстарының үш кезеңіне қала мектептерінің 5 - 7 сыныптың 380-ден астам оқушысы қатысты. Төртінші кезеңнің «Көңілді мәрелер - 2» жарысына қаланың 14 жалпы білім беретін мектебінің 5 - 7 сыныптың 77-ден астам оқушылары қатысты.
Оқушылар «Эстафеталық таяқшаны беру», «Құрсаумен өту», «Медуза», «Шармен тосын сый», «Ұзындыққа секіру» эстафеталарында бақ сынасты. Жарыста жылдамдықта, ептілікте, командада жұмыс істей білуде спорттық дағдыларды көрсете алды. Мәреге бірінші болып келуге деген ұмтылыс спорттық ынта мен өз командасы үшін жеңіске жетуге деген ұмтылысқа ықпал етті.
- Көңілді жарыстар бұл әрқашан қызықты әрі көңілді, мен «Жігер» аула клубында футболмен айналысамын, - дейді Ж. Тәшенев атындағы ЖОМ 7-сынып оқушысы Марат Айбек.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының түрлі деңгейдегі дипломдарымен марапатталды. І орынды № 17, Ж. Ташенев атындағы мектептер, II орынды № 14, 21, 25, А. Шамкенов атындағы, С. Торайғыров атындағы, М. Әуезов атындағы мектептер иеленді.
III орынды - № 15, 33, имени Қ. Бекқожин, имени А. Байтұрсынов атындағы мектеп командалары марапатталды.