Картинада көрініс тапқан шығармашылық

Картинада көрініс тапқан шығармашылық

Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылының Балалар музыка мектебінің «Күншуақ» бейіндік лагерінде «Свободная минутка» шағын жобасында «ART-идея» қолданбалы өнер студиясы бар. Балалардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, қазіргі кезеңде әр баланың шығармашылық қабілетін, қиялын дамыту қажеттілігін ықпал етуге мүмкіндік бар. Осы жылы педагог Д.К. Жуматаеваның жетекшілігімен қыздар фетр материалымен жұмыс жасады. Студия басшысының айтуынша, фетр матасынан бұйымдар жасау - балалардың көрнекі-бейнелік, логикалық ойлауын, шығармашылық қиялын, есте сақтау қабілетін, саусақ қимылының дәлдігін дамытады және қиялы, көркемдік талғамы дамиды, практикалық еңбек дағдылары мен шығармашылық белсенділігі қалыптасады. Білім аясы кеңейіп, сәндік-қолданбалы өнер мәдениетіне қызығушылықтары артады. Кез келген қолдан жасалған бұйым, жұмыс барысында белгілі бір реттілікпен орындалуды талап етеді, яғни, бұл балаларды жұмыс ретін сақтай отырып, жоспар бойынша жұмыс істеуіне үйретеді.

Нәтижесінде қыздар педагогпен бірге фетр матасынан ұлттық нақышта өте әдемі суретті шығарды. Қыздардың еңбегі мен шеберлігі елеусіз қалмады. Алдағы уақытта осы бағытта да жетістіктер тілейміз!