Жазғы маусым қарсаңында ағымдағы жылдың 5 мамырынан 31 тамызына дейінгі кезеңде облыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша «Қауіпсіз балалық шақ» кең ауқымды акциясы өткізіледі.
Акцияның негізгі мақсаты – балалардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың, ата-аналар қоғамының, БАҚ-тың күш-жігерін біріктіру, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне қоғамның назарын аудару.
Акция аясында «Қауіпсіздік десанты», «Қауіпсіз терезе», «Судағы қауіпсіздік», «Қауіпсіз аттракцион» және т.б. жобаларды іске асыру жоспарланған.
Жолдарда, темір жолдарда, темір жол көлігі объектілерінде, су қоймаларының, субұрқақтардың жанында, батуттарда, аттракциондарда және т.б. қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастыру көзделген.
Құрметті ата-аналар, Сіздерді осы акцияға белсенді қатысуға шақырамыз! Балаларыңызды үйретіңіз, олармен қауіпсіздік мәселелерін талқылаңыз және оларға үлгі болыңыз!
Есіңізде болсын, баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілік Сізге, ата-аналарға жүктеледі!