«ASTANA CHILDREN’S FESTIVAL» конкурсының жеңімпаздары

«ASTANA CHILDREN’S FESTIVAL» конкурсының жеңімпаздары

2023 жылдың 3 - 6 маусым күні Елорданың төрінде «Astana Stars»  халықаралық конкурстық ұйымдастыру комитетінің қолдауымен «ASTANA Children' s FESTIVAL» IX халықаралық жанрлық конкурс-фестивалі өтті. Аталмыш байқау Әл-Фараби атындағы  Оқушылар сарайының сахнасында өткен болатын.   

М. М. Катаев ат. Оқушылар сарайының «Арман-шоу» үлгілі вокалдық студиясының және «Жаңа star» студиясының жас әртістері «Вокалдық өнер» номинациясында өнер көрсетті.

Қазақстанның көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері, композиторлар, профессорлар, шоу-бизнес өкілдері әншілеріміздің шығармашылығын жоғары бағалады.

 «Арман-шоу» үлгілі вокал студиясының жеңімпаздары:

Кіші санатта:

1 орын - Күмпекей Саяра «Маленький принц» әнімен

Орта санатта: 

Бас жүлде -  Ережепова Жанбота «Цвети, земля» әнімен  

1 орын - Тлектес Арухан  «Город детство» әнімен  

1 орын - Ғалым Адель «Нарисовать мечту» әнімен

2 орын - Аипова Инжу «Қобыз» әнімен  

2 орын - Сагинаева Гульнура  «Құсни – Қорлан» әнімен

2 орын - Тлектес Амина «Домбыра» әнімен

Жоғары санатта: 

Бас жүлде Ғалым Томирис «Shoe must go on» әнімен   

1 орын - Аманжол Мейіржан  «This love» әнімен

1 орын - Адамбаева Сабина  «Tears of gold» әнімен

2 орын дуэт Галым Томирис Жанайдар Аружан  «Euphoria» әнімен

2 орын - Жанайдар Аружан «Anywhere but here» әнімен

2 орын - Абукенов Батырхан  «Sunshine» әнімен

2 орын - Медетбек Қарақат «Джаз әлемі» әнімен

«Жаңа star» студиясының әншісі Нурия Тукебаева «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша «Гүлстан» әнімен 1 орынға қол жеткізді. Байқаудың барлық қатысушыларына ойын бағдарламасы өткізілді.

Біздің барлық балалар Елорда сахынаның төрінде өнерлерін ортаға салды. Әнші балалар өздерін тату, шығармашыл ұжым ретінде көрсете білді. Сонымен қатар әр орындаушы әнді нақышына келтіріп орындады.  Байқау дарынды жастардың шығармашылық әлеуетін іске асырады, - деді «Арман - шоу» студиясының жетекшісі Галия Жанкаринова.   

Студия жетекшілері Галия Жанкаринова және Нонна Царенко Халықаралық конкурстың ұйымдастырушылары атынан алғыс хатқа ие болды.