Балаларға арналған жазғы уақыт

Балаларға арналған жазғы уақыт

«Жаз - 2023» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Павлодар қаласы оқушыларының жазғы демалысы қала мектептерінің мектеп жанындағы лагерьлерде 1 - 4 сыныптардың 21 мыңнан астам оқушысы демалады. Жазғы науқан барысында қаланың 40 жалпы білім беретін мектебінде мектеп жанындағы лагерьлер 2 маусымда жұмыс істейді - әр маусымның ұзақтығы 15 күннен, күндізгі болумен және 3 рет тамақтанатын болады. Мектеп жанындағы лагерьлерде санитарлық-гигиеналық шараларды сақтай отырып, мәдени-демалыс объектілеріне шығу жоспарланған. Денсаулықты нығайту мақсатында күнделікті жаттығулар мен спорттық шаралар ұйымдастырылады.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мектептен тыс ұйымдарында 1 маусымнан 1 тамызға дейін 3 маусымда 15 күннен туристік-өлкетану, экологиялық, зияткерлік, әскери-спорттық, этномәдени және басқа да бағыттар бойынша бейіндік лагерьлер жұмыс істейді. Жалпы 25 мыңнан астам оқушылар қамтылатын болады.

Жазғы кезеңде 24,3 мың теңге көлемінде еңбекақы төленіп 669 мектеп оқушылары қала, ауылдық аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша еңбек жасақтарында жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ көптеген оқушылар мектеп аумақтарындағы жасыл желектерді, жылы?жайларды күту мен уақыттарын өткізеді.

Жалпы білім беретін мектептердің 1 - 10 сынып оқушыларының 94,6 пайызы жазғы демалыспен, сауықтырумен және жұмыспен қамтылады, бұл 46 мыңнан астам оқушыны құрайды.

Тұрғындармен профилактикалық жұмыс жүргізу және балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқушылармен және ата-аналармен әңгімелесу жүргізіліп, электронды жадынамалар жолдануда. Білім беру бөлімі мен оқу орындарының сайттарында және әлеуметтік желілерде су айдындарының жанында болу қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі туралы бейнероликтер жариялануда.

Мектеп жанындағы лагерьлердің салтанатты ашылуы 2023 жылдың 5 маусымында өтті.