Бастауыш сынып мұғалімдерімен кездесу

Бастауыш сынып мұғалімдерімен кездесу

 «4К» құзыреттілігін қалыптастыру» педагогикалық жобасын білім беру үдерісіне енгізу мәселесін қарастыру мақсатында 2023 жылғы 2 маусымда Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қыдралин Қуаныш Төлегенұлы бастауыш сынып мұғалімдерімен кездесті.

М. Әуезов атындағы, М. Жүсіп атындағы, Б. Момышұлы атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Ә. Бөкейхан А.Шамкенов атындағы, Ш. Шөкин атындағы, № 21, 25, 29, 39 мектеп мұғалімдерімен өткен диалог алаңында Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының м. а. Қ. Т. Кыдралин креативті және сыни ойлаудың, коммуникацияның, кооперацияның қажетті құзыреттерін қалыптастыруға, өзгерістерге үйрену және бейімделу қабілетіне бағытталған жобаның негізгі мәселелеріне тоқталды.

Сабақтың заманауи үлгілерінің бірі - Soft skills-тің болашақ дағдылары. 4К жүйесі бойынша құзыреттілікті қалыптастыра отырып, мұғалім балаларда бастамашылық, табандылық, көшбасшылық, бейімделу сияқты қажетті қасиеттерді қалыптастырады. Өйткені, икемді дағдылар адам өз мансабын бастамас бұрын қалыптасады. Яғни, олардың дамуына мектеп және мұғалімдер қатысуы керек дегенді білдіреді.

Қатысушыларға сабақтарда модельді одан әрі енгізу бойынша жұмыс жүргізу ұсынылды. Шынында да, білім беру саласындағы заманауи кезеңде мұндай оқу міндеттерін жүзеге асыру маңызды, олардың шешімі білімді қалыптастыруға, ақпарат алуға ғана емес, сонымен қатар білім мен ақпаратты практикада, өмірлік жағдайларда қолдануға көмектеседі.