Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер күні

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің ұйымдары мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар өткізді. Сонымен, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының тәрбиеленушілері «Терезедегі Ту» акциясына қатысты, онда әрбір бала тудың суретін салып, оны үйдің терезелеріне, балалар мекемелеріне орналастырды, сондай-ақ «Жаса Қазақстан» флешмобына қатысты.

«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының 500-ден астам тәрбиеленушілері 30 мамырда Мемлекеттік рәміздер алаңында «Флэш KZ»  флешмобын ұйымдастырды.

Балалар мен жасөспірімдерде патриоттық сезімдер мен толеранттылықты қалыптастыру, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, туған өлкеге деген көзқарасын байқауда көрсету мақсатында 2 маусымда «Павлодар дарыны» бос уақытын ұйымдастыру және балалар дарындылығын дамыту орталығы «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз» атты құттықтау челленджін өткізді. Челленджге 200-ден астам балалар қатысты, челлендждің қорытындысы бойынша оқушылар үздік жұмыстары үшін дипломдармен марапатталады. 

 Жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары «Еліміздің Туы» шеберлік сағатын, «Елтаңбасы - мен еңселі, Әнұранымен айбынды, Туымен тұғырлы», «Туым - намысым, ұраным - бірлік, рәміздерім  мақтанышым» суреттер байқауын, «Менің Отаным - Қазақстан», «Менің Отанымның символы» викториналарын өткізді.

5 маусымда Достық үйінің алдында «Бірлігіміз жарасқан» ұранымен Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі оқушыларының флешмобы өткізді.

Мектеп жанындағы лагерьлер маусымының ашылуына орай 5 маусымда «Желбірей бер, көк туым» акциясы өтеді, онда лагерь оқушылары бір мезгілде Мемлекеттік Әнұранды орындады.