Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау өңірлік орталығында халықаралық балаларды қорғау күні мерекелік құттықтау өтті

Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау өңірлік орталығында халықаралық балаларды қорғау күні мерекелік құттықтау өтті

Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн. Жыл сайын орталығымызда 1-маусым балаларды қорғау күні аталып өтіледі. Бұл күнде қорғау шаралары ғана емес балалардың көңіл-күйлерін көтеру шаралары да болады.Биылғы мереке өте ерекше өтті.Балаларымызды қуантуға "Замандас" ардагерлер клубының мүшелері арнайы концерттік бағдарлама ұсынса,орталығымыздың қамқоршылық кеңесінің төрайымы Г.К Аубанова балалардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында "Данель" клиникасының мүшелерімен "Мыльные пузыри" шоу бағдарламасын, түрлі ойындар ұйымдастырды.Сонымен қоса балаларымызды құттықтауға қалалық мәслихат депутаты Г.Даримова өз әріптестерімен жылы лебіздерін білдіріп, бүлдіршіндерімізге бассейн сыйға тартты. Әрине әр мерекеде тәрбиеленушілер іміздің жанынан табылатын, жүрегі кең, адамгершілігі мол полиция подполковнигі И.Темиргалиева өз ұжымының атынан балаларға мейрамханада мерекелік дастархан жайып,әр түрлі тәттілер ұсынып қуантты.Бұл мереке балалардың асыға күтетін мерекесі. Себебі,жыл сайын бұл мерекеде бүлдіршіндерді қуанту үшін іс-шаралар өткізіледі. Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Балаларға жастайынан жақсы тәрбие беруіміз керек. Балалар күнінде де осы тақырыпты қозғайды.Балаларды қорғай білейік.