Кішкентай дарындылардың мерекелік концерті

Кішкентай дарындылардың мерекелік концерті

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында 2023 жылғы 1 маусымда қалалық саябақта «Павлодар жұлдызы» фестивалі өтті. Ұйымдастырушылар Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос  уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту  орталығы.

Балалар мен қала тұрғындары үшін «Бүлдіршін» облыстық балалар шығармашылығы фестивалінде жүлделі орындарға ие болған Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілері концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.

№ 104 балабақша тәрбиеленушілері көрермендерге «Спорттық би» биімен көңіл - күй сыйлады. № 27 балабақша ұжымы сахнаны «Киіз басу» биімен безендірді. № 44 сәбилер  балабақшасының тәрбиеленушісі Айшанур Айбатқызы қонақтарды  «Әгугәй домбыра» әнін орындады.

Балабақша тәрбиеленушілері қонақтарды өздерінің вокалдық қабілеттерімен қуантты. № 2 балабақша тәрбиеленушісі Цыздоева Айша «Раз ладожка , два ладожка» әнімен, № 57 балабақша тәрбиеленушісі Абитанова Илана «Қамажай» әнімен өнер көрсетті. Өз өнерін № 28 балабақшаның «Күй жорға» оркестрі көрсетті.

Болашақ жұлдыздар облыстың білім басқармасының дипломдары, сертификаттары және сыйлықтарымен марапатталды.