Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларға қатысу

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларға қатысу

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстанда 2023 жылғы 17 мамыр мен 17 маусым аралығында «Балалардың игілігі үшін» республикалық акция өтті. Акцияның мақсаты - мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-топтардың, еліміздегі балалардың сапалы өмір сүруін қамтамасыз ету жөніндегі БАҚ, орталық және жергілікті деңгейлерде баланың құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік саясаттың алдыңғы қатарына шығару, әр баланың құқықтарын насихаттау және қорғау, балалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу, балалардың құқықтарына құрметпен және қамқорлықпен қарау іс жүзінде БҰҰ-ның бала құқықтары туралы халықаралық конвенциясының ережелерімен жүзеге асыру.

Акция «Балаларды қорғау қоғамы», «Балалар бастауы», «Отбасында өмір сүру бақыты», «Болашаққа бастар жол! - Мой путь в будущее!», «Құқық сағаты» - «Правовой час», Таңғажайып әлемі», «Мейірімділік балаларға», «Спорт әлемінде», «Бала қауіпсіздігі», «Балалардың игілігі үшін» блоктар бойынша өтті. Олардың әрқайсысы республиканың барлық өңірлерінде тақырыптық іс-шаралар өткізуді қамтиды.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің  ұсынысына сәйкес республикалық акцияға қатысу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспарда балалардың құқықтарын қамтамасыз етуде азаматтық сектор, бизнес қоғамдастық өкілдерінің күш-жігерін жандандыруға бағытталған қаланың білім беру ұйымдарымен жұмыс жүргізу көзделген.

Сонымен, акцияларды қолдау мақсатында қала мектептерінде сынып сағаттары, акциялар, кездесулер, дәрістер, әңгімелер, викториналар, «Туған елге тағзым!», «Бақытты балалық шақ», «Менің құқықтарым», «Мейірімділік - балаларға», «Балаларға жылулық сыйла», «Кітап әлемінде» челендждер, спорттық жарыстар, ойындар өткізілді.

1 маусымда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің ұйымдарының 2000-нан астам оқушылары төменгі жағалаудағы «Ertis Bala Fest» фестиваліне қатысты.

Фестиваль бағдарламасы аясында «Ertis Promenade» сахнасында балалар музыка мектебі оқушыларының мерекелік концерті өтті. Гала-концертте дарынды вокалистер, бишілер, мектепке дейінгі ұйымдар, облыстық «Бүлдіршін» балалар шығармашылығы байқауының лауреаттары өнер көрсетті.

Фестивальдің ең кішкентай қатысушылары балабақша тәрбиеленушілері веложарысқа қатысты. Веложарысқа барлығы 19 мектепке дейінгі мекемеден 32 жас велосипедшілер қатысты.

«Асфальттағы 3D-суреттер», «Тілектер ағашы», «Фото аллея» алаңында «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері өз жұмыстарын ұсынды. Ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары Ертіс өңірі этностарының ұлттық ойындарын көрсетті.

«Мега бояу» алаңында - балалар көркемсурет мектебінің оқушыларымен бірге ертегі кейіпкерлерін бояды. Қала мектептерінің көркем еңбек педагогтері ұлттық стильде сувенирлер жасау бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Аз уақыт ішінде балалар өздеріне ойыншық, тұмар, зергерлік бұйымдар жасай алды.

«Табыстың шыңына» атты алаңда - экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері балалар мен жасөспірімдерге кедергілер жолағынан қалай өту керектігін, ашық жерге шатыр орнатуды үйретті. Спорт алаңдарында оқушылар жағажай футболы, волейбол, баскетбол бойынша жарыстарға қатысып, тренажерлерде айналысты.

Батпырауық ұшыру шеруі, 3 пен 16 жас аралығындағы балалар қатысқан егіздер шеруі өте қызықты және әдемі болды.

Сондай-ақ, орталық қалалық мәдениет және демалыс саябағында қаланың жалпы білім беретін мектептері оқушыларының, қалалық фестивальдер мен байқаулардың жүлдегерлері мен лауреаттарының гала-концерті өтті.