Облыстық байқаудағы бас жүлдесі

Облыстық байқаудағы бас жүлдесі

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2023 жылғы 26 мамырда офлайн форматында «Педагогикалық дуэт - 2023» байқауының финалдық кезеңін өткізді. Байқау жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жетілдіру, тәлімгерлік тәжірибесін тарату үшін жағдай жасау мақсатында өткізілді.

Бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жас педагогтер «Табысқа жету жолы» атты өзін-өзі таныстыруды ұсынды, тәлімгерлерімен «Менің білім берудегі бастамам» білім беру жобасын қорғады. Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Павлодар қаласы мектептерінің барлық 4 қатысушысы жүлделі орындарға ие болып, номинант атанды.

Бас жүлденің иегерлері: Садықова Ризагүл Жұмабайқызы, математика пәнінің мұғалімі және оның тәлімгері Садықов Рустам Талғатбекұлы, М. Әуезов атындағы ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі.

ІІ орынды қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бисмельдинова Айнұр Қапсаматқызы және оның тәлімгері Бойченко Светлана Анатольевна, М. Әлімбаев атындағы ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі иеленді.

«Зияткер педагогтердің дуэті» номинациясы № 5 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімдері Богдан Антонович Череденков пен оның тәлімгері Татьяна Сергеевна Саворовскаяға, «Креативті дуэт» номинациясы А.Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері Еркенова Снежана Вячеславовна мен оның тәлімгері Наталья Анатольевна Устинаға берілді.