2023 жылдың 21 сәуір күні Май ауданы, Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінде «Тіл мәртебесі - ұлт мәртебесі» атты Нәйла Марденқызы Марденова атындағы аудандық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы өтті.
Әрбір қазақ перзентінің әдепті, тәрбиелі, саналы болып өсуіне ықпал етіп, өз тілінде таза әрі көркем сөйлеуі үшін аянбай еңбек еткен ұлағатты ұстаз Нәйла Марденқызы бірнеше жыл аталған мектепте ұстаздық еткен.
Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.
Олимпиадаға аудан мектептерінен 32 оқуышы қатысып, 3 бағыт бойынша сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша 3 оқушы І орын, 6 оқушы ІІ орын және 7 оқушы ІІІ орын алды. Сонымен қатар, Ақшиман негізгі мектебінің оқушысы Ақбота Газизова демеушілердің арнайы жүлдесіне ие болды.
Барлық қатысушыларға демеушілер тарапынан ынталандыру сыйлықтары беріліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.