«Жаңа мектеп - заманауи мұғалім» байқауының облыстық кезеңіне 0 - 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар 50 жас маман, қалалық, аудандық кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Байқаудың қалалық турында жүлделі орындарға ие болған үш педагог - Ауталипов Нияз Ермолұлы, № 41 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі, бірінші орынды, Бимурза Нариман Русланұлы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, екінші орынды, Касен Үмітжан Нұртайқызы, № 21 ЖОМ география пәнінің мұғалімі үшінші орынды алды.
Облыстық байқаудың шарттары бойынша қатысушылар эссе жазып, «Менің шығармашылық педагогикалық жолымның басталуы» атты бейне презентациямен бейтаныс сыныпта ашық сабақ өткізді.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Нияз Ермолұлы Ауталипов екінші орынға ие болды және 2023 жылдың сәуір айында облыстық комиссия құрамында Көкшетау қаласында өтетін республикалық байқаудың финалдық кезеңіне қатысады. Ол сондай-ақ «Ұстаздар аламаны -2022» қалалық байқаудың жеңімпазы.