Жас суретшілер онметрлік киізден панно жасады

Жас суретшілер онметрлік киізден  панно жасады

Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының оқушылары Наурыз мейрамы күні қала тұрғындарына киізден жасалған ерекше панно ұсынды. Түскиіз – киіз үйдің қабырғаларын жылытып және безендіруге арналған ою-өрнекті қабырға кілемі.

Панно екінші Павлодардағы Литвинов саябағында орнатылды, онда Павлодар қаласы білім бөлімінің ұйымдарының ұйымдастыруымен Наурыз мейрамының құрметіне алғаш рет халықтық мерекелер өткізілді.

- Панно 50 элементтен тұрады, олардың әрқайсысын жеке оқушы салған және олардың барлығының дербес ерекшеліктері бар. Одан кейін мектеп педагогтары мен оқушылары оларды біріктірді. Оның биіктігі үш метр, ал ұзындығы он метрге тең, - дейді көркемсурет мектебінің басшысы Ляйля Магзамова.

11 - 15 жас аралығындағы көркемсурет мектебінің 50-ден астам оқушысы өз жұмыстарында қазақтың ұлттық мәдениеті, дәстүрлері, музыкалық аспаптары, жартастағы суреттері, Қазақстанның табиғаты мен тарихы туралы өз көзқарастарын жеткізді. Жұмыстар қазақ халқының дәстүрлі техникасы – киіз басу техникасында жасалған. Жұмыста құрғақ және дымқыл киіз басу техникасы қолданылды. Суреттер қазақтың көптеген ою-өрнектерімен толтырылған, бұл оны одан да әдемі, ерекше, ашық және өзгеше етіп көрсетеді.