Қала мектептерінің 293 оқушысы пәндік олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

Қала мектептерінің 293 оқушысы пәндік олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

Павлодарлық оқушылар 2023 жылғы 30 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Ж. Тәшенев атындағы мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың II турының қалалық кезеңінде бес күн бойы бақ сынасты. Мақсаты - теориялық және практикалық білім бойынша шығармашылық қабілеттерін дамыту, түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға дайындық. Қаланың 42 жалпы білім беретін мектебінің 9 - 11 сыныптың 695 оқушысы қатысты.

Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыт - математика, информатика, физика, химия, биология, география және қоғамдық-гуманитарлық бағыт - қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі бойынша өткізілді. Ағылшын тілі бойынша қатысушылардың ең көп саны - 93 оқушы, Қазақстан тарихы - 82, география-68.

Талаптарға сәйкес олимпиада «1 компьютер - 1 оқушы - 1 камера» қағидаты - «El Umiti» цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесі бойынша веб-камерадан фотофиксация және минут сайын экран  прокторинг сервисін пайдалана отырып, электрондық форматта өтті. Оқушыларға тапсырмаларға қол жеткізу үшін жауап бланкілері, жеке логиндер мен парольдер берілді. Бұл ретте YouTube арналарына жазылу және тікелей трансляция жүргізілді.

Байқау қорытындысы бойынша 293 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде бірінші орын - 44, екінші орын - 83, үшінші орын - 166. Жүлдегерлер Павлодар қаласы  білім бөлімінің түрлі дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Сонымен, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша І жалпыкомандалық орынды Ж. Тәшенев атындағы мектептің оқушылары иеленді және «2023 жылдың үздік командасы» деп танылды, ІІ жалпыкомандалық орынды - № 2, 29, ІІІ жалпы командалық орынды - Ш.Шөкин атындағы мектеп-гимназия, № 11 мектеп оқушылары иеленді.

Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 2023 жылдың үздік командасы А. Байтұрсынұлы атындағы мектептің командасы болып танылды. II жалпы командалық орынды № 39 мектеп командасы, III жалпы командалық орынды А.Шамкенев атындағы, № 21 мектеп оқушылары иеленді.

Олимпиада  да ең көп ұпай жинағандардың қатарында физика пәнінен қалалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары Сапарғалиев Шыңғыс, № 21 ЖОМ 10 сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Дюсембина Томирис, № 2 ЖОМ 10 сынып оқушысы, орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі пәнінен Ахмолдина Ксения, 11 сынып оқушысы, № 21 ЖОМ, физика пәнінен № 29 ЖОМ 11 сынып оқушысы Ботай Амандық.

I орын алған оқушылар ақпан айында олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.