Астана қаласында WorldSkills Kazakhstan-2022 VII республикалық чемпионаты бастау алды

Астана қаласында WorldSkills Kazakhstan-2022 VII республикалық чемпионаты бастау алды

Чемпионаттың ресми ашылуы ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың және «Talap» КЕАҚ Президенті Шолпан Әнуарбекқызы Утельбаеваның  қатысуымен өтті.

WorldSkills халықаралық қозғалыс болып табылады, оның мақсаты бүкіл әлем бойынша жұмысшы кәсіптерін танымал ету, кәсіби даярлық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын арттыру болып табылады. WorldSkills Kazakhstan-2022 VII республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты ағымдағы жылдың                        7 желтоқсанынан 9 желтоқсанына дейін өтеді. Чемпионатқа республиканың барлық өңірлерінен 500-ден астам колледж студенттері мен жұмысшы жастар, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығы мен бизнестің 500-ден астам өкілдері қатысады.

Чемпионаттың WorldSkills Pavlodar-2022 өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша республикалық чемпионатқа қатысу үшін Павлодар облысының құрама командасы құрылды. Павлодар облысының командасы «Talap» КЕАҚ ұлттық операторы ұсынған 30 құзыреттіліктің 25 құзыреттілігі бойынша қатысады.

Павлодар облысының құрама командасы облыс колледждерінің студенттерінен құралған.

Құзыреттілік

Оқу орнының атауы

Конкурсант

1

Ақпараттық кабельдік желілер

Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі

Самат Али

2

Кірпіш қалау

 Екібастұз политехникалық колледжі

Айтымов Сабит

3

Кондитер ісі

Павлодар сервис және тамақтану колледжі 

Тюмина Альбина

4

Сылақшы және әсемдік жұмыстар

Павлодар монтаждау колледжі

Рагимова Евгения

5

Таспен қаптау

Павлодар монтаждау колледжі 

Кайль Виталий

6

Прототиптеу

Павлодар жоғары басқару колледжі

Охрименко Ярослав

7

Наубайхана шеберлігі

 Павлодар технологиялық колледжі

Лысая Татьяна

8

Жеңіл  автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету

 Павлодар техникалық сервис колледжі 

Баленко Виталий

9

Ресторан қызметі

Павлодар сервис және тамақтану колледжі 

Тайченев Адиль

10

Дәнекерлеу технологиясы

Ақсу қара металлургия колледжі 

Данилов Варлам

11

Желілік және жүйелік әкімшілендіру

ИНЕУ Жоғары Екібастұз Колледжі

Алентьев Олег

12

Құрғақ құрылыс және сылақшы жұмысы

Павлодар монтаждау колледжі 

Ильязов Дамир

13

СББ станогымен токарлық жұмыстары

Ақсу қара металлургия колледжі 

Капбас Арыстан

14

Электромонтаж

 Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі

Кресс Герман

15

Электроника

 Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі

Иксак Даян

16

Шаштараз өнері

Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі

Жубанышева Айым

17

АЖЖ инженерлік графика

Павлодар жоғары басқару колледжі

Андреев Ярослав

18

Аспаз ісі

 Павлодар технологиялық колледжі

Куанышева Алия

19

Веб технологиялар

Ақпараттық технологиялар колледжі

Столярова Мария

20

Мектепке дейінгі тәрбие

Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі

Сибагатуллина Адия

21

Графикалық дизайн

Ақпараттық технологиялар колледжі

Воронцов Артем

22

Сән технологиясы

Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі

Мухпел Назерке

23

Бастауыш сыныптарда  сабақ беру

Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі

Кәрібай Айбүбі

24

IT бизнес үшін шешімдер

Павлодар жоғары басқару колледжі

Герасимов Никита

25

Мобильді робототехника

Павлодар жоғары басқару колледжі

Кривенко Анастасия

Розанов Сергей

2023 жылы кәсіби шеберліктің VII чемпионаты - «WorldSkills Kazakhstan- 2022» жеңімпаздарынан құралған Қазақстан құрамасы EuroSkills 2023 чемпионатына қатысады.

Чемпионаттың барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз.