Павлодарлық педагогтер республикалық семинарда баяндама жасады

Павлодарлық педагогтер республикалық семинарда баяндама жасады

«Педагог-дефектологтің кәсіби қызметінің негізгі аспектілері» атты 3 күндік республикалық тәжірибеге бағдарланған семинарға Павлодар қаласының білім беру мекемелерінің 5 өкіліқатысты. Семинар 2022 жылғы 1 - 3 желтоқсанда Щучинск қаласының «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтті. Мақсаты дефектология саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін алаң құру, қазіргі жағдайда жұмыстың негізгі бағыттарын анықтау, шығармашылықты және кәсіби өзін-өзі жетілдірудід амыту. Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, директорлардың орынбасарлары, дефектолог-мұғалімдер, дефектологтер, логопед-мұғалімдер, логопедтер, педагог-психологтер, жалпы білім беретін, арнайы мектептердің, Қазақстан өңірлері орталықтарының әлеуметтік едагогтері қатысты.

Пленарлық отырыста сөз сөйлеушілер қатарында Павлодар қаласы білім беру мекемелерінің барлық 5 қатысушысы өз баяндамаларын ұсынды. № 6 мектептің дефектолог, логопеді Джумадиева Айгүл Жылқыбайқызы «Логопедиялық сабақтарда оқытудың дәстүрлі емес әдістерін қолдану» тақырыбында, педагог-психолог Жанасова Сәуле Құндақпайқызы - «Мектеп ұжымында буллингтің алдын алу бойынша ойындар мен жаттығулар» тақырыбында, № 14 мектеп директорының орынбасары Павина Олеся Анатольевна – «Жалпы білім беретін мектеп жағдайында аутизмі бар балаларға көмек көрсетудің заманауи мәселелері» тақырыбында, № 18 мектеп директорының орынбасары Акимбекова Лайла Мұқатайқызы -«Кемшіліктері бар балаларға көмек көрсету проблемасының қазіргі жағдайы» тақырыбында, № 26 балабақшаның логопеді Утетилеуова Қарлығаш Ысқаққызы -  «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу шеңберінде логопед-мұғалімнің жұмысында заманауи тәсілдерді қолдану» тақырыбында баяндама жасады.

Семинардың салтанатты жабылуында спикерлер мен сөз сөйлеушілерге «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының алғыс хаттары мен сертификаттары табыс етілді.