Облыс әкімінің кубогы үшін қала мектептерінің үздік пікірсайысшылары бақ сынасты

Облыс әкімінің кубогы үшін қала мектептерінің үздік пікірсайысшылары бақ сынасты

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығы 2022 жылғы 2 желтоқсанда Малайсары батыр атындағы мектепте Павлодар облысы әкімінің кубогына арналған «Пікірсайыс алаңы» облыстық пікірталас турнирінің қалалық іріктеу кезеңін өткізді. Турнирдің негізгі мақсаты белсенді азаматтық ұстанымды, шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту, ел тарихын білу, өзекті тақырыптарды талдау және талқылау, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Турнирдің шарттары бойынша Британдық парламенттік формат бойынша 2 оқушыдан құралған командалар іріктеу және қорытынды кезеңдерден өтті. № 2 (2), 7, 14, 17, 21, 24, 25, 35 (2), 40 (2), М. Әлімбаев атындағы, М. Жүсіп атындағы, А. Бөкейхан атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Ж. Ташенев атындағы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл, Жетекші мектептерінен 20 команда қатысты.

Төрешілер алқасында Павлодар педагогикалық университеті студенттері арасынан «Жаңа көзқарас»пікірсайыс мектебінің, «Ақиқат»пікірсайыс клубының жетекші пікірсайысшылары болды.

Турнир қорытындысы бойынша лигада 4 команда жеңімпаз және жүлдегерлер атанды. І орынды № 7 ЖОМ «Парасат» командасы иеленді. Пікір алмасудыңтақырыбы «Монополиянықолдау немесе қарсы...» - команда монополия мемлекеттің экономикалық дамуын бәсеңдетуге қабілетті, бұл халықтың өмір сүру деңгейіне, оның әл-ауқаты мен төлем қабілеттілігіне теріс әсер ететінінедәлелді фактілерді келтіре алды

ІІ орынды № 35 ЖОМ «Барыс» командасы «Әлеуметтік желілерді қолдау немесе қарсы...» - деректер базасының қауіпсіздігін арттыру, бизнес-желі, заттар интернеті шеңберінде ақпарат алмасу, орталықтандырылмаған төлем жүйесін қамтамасыз ету үшін виртуалды технологияның болашақтағы маңыздылығы туралы өз көзқарастарын сауатты білдірді.

ІІІ орынды № 2 ЖОМ «Жігер» командалары «Ерекше көзқарас» тақырыбы үшін, «Кәсіби бағдар беру үшін немесе қарсы» пікір алмасу тақырыбыбойынша № 25 және М.Әлімбаев атындағы мектеп құрама командасы иеленді.

«Ең үздік спикер» номинациясы бойынша № 7 ЖОМ 11 сынып оқушысы Мағамет Жібекжан, «Үздік спикер» номинациясы бойынша Кенжекөл ЖОМ 9 сынып оқушысы Қамза Әбиба жеңімпаз атанды. Сондай - ақ, «Алаш» командасы - № 17 мектеп, «Жас Алаш» командасы-Ә.Бөкейхан атындағы мектептер Құрмет грамотасымен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Турнир қатысушылары «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарын алды.