Физика мұғалімі ұлттық байқауда Бас жүлде жеңіп алды

Физика мұғалімі ұлттық байқауда Бас жүлде жеңіп алды

«Ұстаздар аламаны» байқауының қараша айында өткен бірінші іріктеу турының қорытындысы бойынша 28 жас педагогтың ішінен 6 қатысушы екінші финалдық турға өтті.

Естеріңізге сала кетейік, қалалық байқаудың екінші финалдық кезеңіне: Ауталипов Нияз Ерболұлы, № 41 мектептің тарих пәнінің мұғалімі, Ахылбек Нұрсұлтан, М. Әлімбаева мектебінің физика пәнінің мұғалімі, Рысқұл Меруерт Бауыржанқызы, М. Жүсіп атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі, Ташкенбаева Жәмила Көшербайқызы, № 2 мектептің информатика пәнінің мұғалімі, Тілеуберді Жадыра, № 20 балабақшаның музыка жетекшісі, Төкен Ақерке Торжанқызы, Ж. Тәшенев атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Финалдық тур 2022 жылдың 1 желтоқсанында өтті. Қазылар алқасының құрамында Торайғыров университеті, Педагогикалық шеберлік орталығы облыстық филиалы, қалалық кәсіподақ ұйымы, білім бөлімі мен мектептердің өкілдері жұмыс істеді.

Финалдық турда педагогтер 3 байқауға қатысты: «Жүзден жүрек» - бұл байқауларға қатысушылар қазақ кинематографиясы мен әдебиетінен алынған үзінділердің аудио және бейне сұрақтарына жауап берді, «Сөз тапқанға қола жоқ» - қатысушылар педагогикалық жағдаяттарды шешті, «Шындық-жалған» - қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, тарихи тұлғаларына, мәдениетіне немесе кез келген тарихи оқиғасына байланысты мәселелерге қатысты сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап берді.

- Зияткерлік конкурстарға қатысу жас педагогтардың кәсіби және тұлғалық өсуіне ықпал етеді, олардың шығармашылығы мен қазіргі білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін дамытады, - дейді Торайғыров университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Еңлік Жұматаева.

Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар барлық қатысушыларға берілді.

Бас жүлдені М. Әлімбаев мектебінің физика пәнінің мұғалімі Ахылбек Нұрсұлтан иеленді.

І орынды № 41 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ауталипов Нияз Ерболович, II орынды М.Жүсіп атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Рысқұл Меруерт Бауыржанқызы және № 2 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Ташкенбаева Жәмиля Көшербайқызы, ІІІ орынды № 20 балабақшаның музыкалық жетекшісі Тілеуберді Жадыра және Ж. Тәшенов атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Төкен Ақерке Торжанқызы иеленді.

- Бүгінгі байқау қызықты әрі тартымды өтті, мен өзім физика пәнінің мұғалімі болсам да, өз халқымның тарихы, әдебиеті, салт-дәстүрлері туралы білімімді кеңейттім. Барлық қатысушылар жақсы дайындалып, елеулі бәсекелестікке ие болды. Мұндай шаралар көп болса екен, - дейді гран-при иегері физика пәнінің мұғалімі Ахылбек Нұрсұлтан.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қалалық кәсіподақ ұйымының атаулы күнделіктері мен білім бөлімінің дипломдары табыс етілді.

Гран-гри иегеріне «Ұстаздар аламаны» кубогы табысталды және ол байқаудың облыстық кезеңінде қаланың намысын қорғайтын болады.