Жүгірумен бағдарлау бойынша республикалық турнирдегі жетістіктер

Жүгірумен бағдарлау бойынша республикалық турнирдегі жетістіктер

Щучинск қаласындағы Бурабай табиғи паркінде 20-25 қыркүйек күндері аралығында  кубогына жүгіру арқылы спорттық бағдарлау бойынша республикалық турнир өткізілді. Жарысқа Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар облыстарынан, Астана, Алматы қалаларынан 190-нан астам оқушы қатысты.

Жарыс бағдарламасында «Орташа», «Ұзын», «Спринт» және «Эстафета» қашықтықтары болды. Жарыс ұлдар мен қыздар арасында әр түрлі жастағы жеке біріншілікке де өткізілді. Павлодар облысының намысын Павлодар қаласы білім бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «Вертикаль» туристік клубының 15 тәрбиеленушісі, жетекшілері О. В. Дьяченко және С. В. Кремер қорғады.

Жалпы, павлодарлықтар 8 медаль жеңіп алды -2 күміс, 6 қола медаль, 15 дипломмен марапатталды.

Қазақстан кубогына спорттық бағдарлау бойынша жарыстарда 7 жүлделі орын иеленді. «Спринт» қашықтығында II орын, «Орта» - II орын (2) және III орын, «Ұзын» - III орын (3). Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің дипломдарымен марапатталды.

Жүгірумен спорттық бағдарлау бойынша турнирде «Спринт» қашықтықтарында III орын, «Орта» - III орын (2), «Ұзын» - III орын (2) иеленді. Қыздар арасындағы эстафетада облыс командасы III орын алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Ұлттық-практикалық дене шынықтыру орталығының медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.

- Қашықтықтардың Бурабай курорттық аймағында өткені, қатысушылардың туған өлкенің көркем жерлерін тануы үшін маңызды. Өйткені, Швейцарияның рельефтерімен, альпілік ландшафттарымен, ерекше микроклиматымен ұқсастықтар бар, - дейді экология және туризм орталығының педагогы Дьяченко Оксана Владимировна.