Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің республикалық тамыз кеңесі аясында «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында панельдік секцияның пленарлы отырысы

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің республикалық тамыз кеңесі аясында «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында панельдік секцияның пленарлы отырысы

Елордада 15 тамыз күні ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің республикалық тамыз кеңесі аясында «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында панельдік секцияның пленарлы отырысы өтті.

Секция жұмысы барысында  2022-2023 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары ұсынылды, техникалық және кәсіптік білімнің сапасын арттыру мәселелері талқыланды, колледждер мен кәсіпорындардың тиімді өзара іс-қимылының мысалдары келтірілді.

 Сонымен қатар пленарлық отырыс барысында педагогтерді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттау рәсімі өтті.

Павлодар облысынан арнайы пәндер оқытушылары Абраева Назира Мухитовна, «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі»  ШЖК КМК, Гаврилюк Татьяна Владимировна, «Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК Алғыс хатпен  марапатталды.