Облыс педагогтары инклюзивті білім беру бойынша секциялық отырысқа қатысты

Облыс педагогтары инклюзивті білім беру бойынша секциялық отырысқа қатысты

         12 тамызда Павлодар қ. №26 ЖОББМ базасында «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық - педагогикалық қолдау»  тақырыбында инклюзивті білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлері секциясының отырысы өтті.

        Конференцияға қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің мамандары мен әдіскерлері, жалпы білім беретін мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері және облыстың қалалары мен аудандарының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің мамандары қатысты.

        Отырыстың пленарлық бөлімінде Павлодар қ. №26 ЖОББМ директоры  Л. А. Щербакова және Екібастұз қ. №10 ЖОББМ педагог - ассистенті    Д. Е. Омарова сөз сөйлеп, инклюзияны қолдау кабинеті мен Ресурстық орталық жұмысының нәтижелерімен бөлісті.

         Павлодар қ. №33 ЖОББМ психологы Т. В. Панащенко «Инклюзивті білім беру аясында түзету-дамыту бағытындағы жеке және топтық сабақтардың ерекшеліктері туралы» баяндама жасады.

         Павлодар қ. №26 арнайы балабақшасының логопеді К. И. Утетилеуова мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының сабақтастығы туралы баяндаманы ұсынды.

         Ақпараттық технологиялар орталығының ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі Т.Т. Султаналинов инклюзивті білім беру бөлігінде ақпараттық жүйелерді толтыру ерекшеліктері туралы баяндады.

         №1 және №7 арнайы мектеп-интернаттары басшыларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Е. Н. Василенко мен Г. Ф. Сарсенова ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білім беру процесін ұйымдастыру, сүйемелдеу және бақылауға қатысты сөз сөйледі.

         Облыстық білім беру орталығының әдіскері М.Г. Садықова 2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдарындағы оқу процесінің негізгі бағыттарымен таныстырды.

         Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар Ресурстық орталығына, Павлодар қаласының №26 ЖОББМ психолог және логопед кабинеттеріне барды.

        Отырыс сөз сөйлеген секция қатысушыларын қорытындылаумен және марапаттаумен аяқталды.