Қасиетті жаз

Қасиетті жаз

Бірде-бір оқулық  туған жеріңізге деген саяхат сияқты өз жеріңізді сүюге үйретпейді.

Жазғы демалыс кезінде Екібастұз қаласының №33 орта мектебінде Ұлы даланың жеті қыры"мен"Рухани жаңғыру" бағдарламаларымен бірге "Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары"жобасын іске асыру аясында "Тарих сақтаушылары" атты бағдарлы отряды жұмыс істеді.

Отрядтың ойластырылған жұмыс жоспарына сәйкес балалардың қатысуымен көпұлтты Қазақстанда тұратын түрлі халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерін кеңейту мақсатында қаланың көрікті жерлерін зерделеу бойынша жаяу экскурсиялар өткізілді, Балалар "Атамұра" ұлттық мәдени орталығы мен "Достық үйіне" барды.

Балалар үшін Павлодар қаласының мұражайлары мен облыстың және Қазақстанның оңтүстік оңірінің киелі орындары бойынша көшпелі экскурсиялар ұйымдастырылды.Павлодар қаласындағы «Жауынгерлік Даңқ» мұражайының,Көркем мұражайының және Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайның залдары сонымен қатар Д.Багаев пен Н.Шафер атындағы мұражай-үйлері бойынша  өткізілген экскурсиялар қызықты әрі танымды өтті.Олар Павлодар Ертіс өңірінің мұражайы мен Эко-мектебіне де  бара алды. Ұйымдастырылған экскурсиядан пайдалы ақпарат алып,қатыса алғандарына қуанышты болды. 

Баянауыл ауылындағы көріпкел,ақын М.Көпеевтің кесенесіне өлкетану экспедициясы балаларды бей-жай қалдырмады. Кесененің, жердің ерекше әсемдігі мен жайлы ахуалы балаларға қатты әсер етті.Олар Мәшһүр атаның  өмірі мен шығармашылығынан мәлімет алып,көптеген жаңа және қызықты материалдармен танысты.

"Қазақстанның 100 киелі орны" тізіміне енгізілген, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген Қазақстанның оңтүстік өңірінің киелі орындары бойынша тарихи-өлкетану сапары көптеген жарқын және ұмытылмас әсер қалдырды.

Бір апта ішінде балалар Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі-Алматы қаласы мен оның маңайындағы түрлі археологиялық және тарихи –мәдени ескерткіштерді аралады:

Шарын шатқалы ("қамалдар алқабы") - еріген қар суымен жуылған, құрғақ шатқал.

Ай, қара каньондары-геологиялық жасы 30 миллион жылдан асатын ежелгі қалашық.

Алма - Арасан (термалды бұлақ) — Іле Алатауының баурайында 1780 м биіктіктегі көркем тау шатқалы.

Түрген шатқалы-Іле Алатауы мемлекеттік табиғи паркінің аумағында орналасқан Іле Алатауының ең әдемі шатқалы.

Аю сарқырамасына 1300 м биіктікке көтерілді.

Балалар табиғат кереметі –Түйеқұстар өсірілетін ферманы көруден үлкен рахат алды. Экзотикалық құстар күшті және әдемі! Сондықтан өмірде кем дегенде бір рет болса да,осындай сұлулардың жанында тұру қажет.

Көлсай көлдері-"Солтүстік Тянь-Шань інжу-маржаны", Қырғызстан шекарасынан 10 км қашықтықта орналасқан Іле Алатауы мен Күнгей Алатауы арасындағы тауларда жасырылған үш көлден тұратын жүйе.

Таңбалы петроглифтері-тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің археологиялық кешені. Жартас өнерінің нағыз жауһары болып "күнбасты" құдайлардың алты бейнесі бейнеленген, би билеп, мінажат ететін адамдардың кішкентай бейнелерінің үстінен ойылған үлкен жазықтық саналады.

"Алтын адамның" тарихы барлығына белгілі, бірақ толық және егжей- тегжейлі ақпарат алу үшін сонымен қатар Есік қорғанының артефактілерін көру үшін балалар "Алтын Адам"мұражайына барды.

Қазақстанның және бүкіл Орталық Азия өңірінің көне,ірі мұражайларының бірі-ҚР Орталық мемлекеттік музейінің залдары бойынша Экскурсия өзінің палеонтологиялық өткенімен  бірге Қазақстанның ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі заманғы тарихы мен мәдени мұрасы туралы көрнекі түсінік алуға мүмкіндік берді.

Сапардың барлық қатысушылары көргендеріне, осы орындар туралы қызықты әңгімелерге қанық болып,одан үлкен ләззат, жағымды эмоциялар алды. Алматы облысының киелі орындарына сапар балалар үшін ұзақ жылдарға естелік болып қалады.

Балалар "Тарих сақтаушылары"атты  бағдарлы жасағына барып, оқу процесі кезінде және кіші Отан тарихы бойынша ғылыми жобалармен жұмыс істеу барысында одан әрі қолдана алатын көптеген жағымды энергия мен көптеген пайдалы ақпарат алды.