"Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт"

"Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт"

2022 жылғы 11 шілдеде  "Жас дәурен" жасөспірімдер үйінде "Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт" бағдарламасы аясында "Жас ұрпақ" КМҚК тәрбиеленушілеріне ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын дайындау бойынша шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағын " НҰР-АНА әлемі "қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. "НҰР-АНА әлемі" ҚБ басшысы Павлодар облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Бақытжамал Шаханқызы Максилова. Іс-шараға Павлодар облысының қонағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрағасы, ҚР Премьер-Министры орынбасарының кеңесшісі Шанаи Назипа Ыдырысқызы қатысты.

Жасөспірімдер үйінің "НҰР-АНА әлемі" ҚБ-мен ынтымақтастығы көптеген жылдар бойы жалғасып келеді. Жұмыстың негізгі формасы салт-дәстүрлерді көрсету. Лиганың өкілдері үйлену тойын халық әдет-ғұрпына сәйкес қалай тойлау керектігін біледі, баланың алғашқы қадамдарымен байланысты рәсімдерді көрнекі түрде көрсетіп, жастарды ұлттық тағамдарды дұрыс дайындауға, дәстүрлі құрақ техникасында көрпе жасауға үйретеді.

"НҰР-АНА әлемі "қоғамдық бірлестігінің басты ісі қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық мәдениетін жаңғырту болып келеді.

"НҰР-АНА әлемі" ҚБ басшысы Б.Ш. Максиловаға жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз.