Балаларды мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарына қабылдау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету және білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша жүргізілітін шаралар туралы

Балаларды мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарына қабылдау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету және білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша жүргізілітін шаралар туралы

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде тегін заң көмегін көрсету мақсатында 2020 жылдан бастап өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Адал көмек" онлайн-жобасын жүзеге асырды.
Ағымдағы жылдың маусым айында жоба офлайн форматқа көшірілді. Енді апта сайын "Antikor Ortalygy" фронт-офисінің алаңында (Павлодар қ., Камзин к-сі, 37) әр бейсенбі күні өңір тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау түрінде түсіндіру жүргізіледі.
Ағымдағы жылғы 7 шілдеде сағат 16.00-де Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының м.а. Роза Қабибуллинқызы Ақанованың қатысуымен ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндіру ұйымдастырылады, атап айтқанда, ол балаларды мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарына қабылдау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ басқарма көрсететін басқа да мемлекеттік қызметтер туралы хабардар етеді.
Құрметті өңір азаматтары, егер сізде дереу қарауды және олардың заңды шешімін талап ететін мәселелер болса, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша іс-шараға қатысуды немесе 87051989050 нөмірі бойынша ватсап арқылы алдын ала жазылуды сұраймыз.
"Адал көмек" жобасы аясында шілде айына азаматтарды қабылдаудың толық кестесімен Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ресми сайтында танысуға болады.