Домбыра күніне арналған балалардың көркем шығармашылығы

Домбыра күніне арналған балалардың көркем шығармашылығы

Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі - Павлодар қаласы білім беру бөлімінің ЮНЕСКО клубы 2022 жылғы 30 Маусымда Ұлттық домбыра күніне арналған «Дала әуендері» қалалық байқауын өткізді. Мақсаты - отаншылдық тәрбие беру, домбыра тарихын білу, домбырада ойнауды үйренгісі келетін балаларды қолдау, дарынды балаларды танымал ету.

Байқау бағдарламасына балалар көркемсурет мектебінің педагогтары мерекеге қатысқан балалар үшін домбыра салу бойынша шеберлік сыныбын өткізу, қорытынды шығару және 7 - 16 жас аралығындағы балалар арасындағы «Дала әуендері» сурет байқауының қатысушыларын марапаттау кірді.

Шеберлік сынып барысында балалар әр түрлі техникада домбыра үнімен қызықты шығармашылық жұмыстар жасады - акварель мен аппликацияны, акварель мен маркерлерді, борлар мен акварельдерді араластырды. Қатысушылар өз суреттерінде ұлттық аспаптың тарихын, домбыраға арналған музыкалық шығармалардың сюжеттерін, тарихи орындаушылар мен домбырашы - музыканттардың, белгілі композиторлардың портреттерін көрсетті. Суреттер түрлі техникада орындалған - кескіндеме, графика, аралас техника.

Байқауға қатысушылар, қаладағы № 43, 19, 41, 37, 34, 29, 36, 6, 39, Қ. Мақпалеев атындағы жалпы білім беретін мектептері, № 20 мектеп-лицейінің оқушылары 34 жұмыс ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша жас санаттары арасында І, ІІ, ІІІ дәрежелі 9 дипломант анықталды.

I орынды 7 - 9 жас аралығындағы оқушылар Тимофеева Кристина, 10-12 жас аралығындағы Низамутдинова Сафина, 13-16 жас аралығындағы Правдивец Виктория иеленді.

II орынды 7 - 9 жас аралығындағы жас суретшілер Адина Сағынтаева, 10-12 жас аралығындағы Келен Назым, 13 - 16 жас аралығындағы Абитова Камила иеленді.

III орынды 7 - 9 жас аралығындағы оқушылар Набиева Данель, Сәрсембай Әлімжан, 10 - 12 жас аралығындағы Кенжекей Алдияр иеленді. Осылайша, Абитова Камиля мен Правдивец Виктория өз суретінде әйгілі әйел композиторды, домбырада орындаушы Дина Нұрпейісованы, Тимофеева Кристина домбырада ойнайтын балаларды түрлі-түсті қарындаштармен бейнелеген. Қатысушылардың жұмыстарын «Дала әуендері» мектеп көрмесінде көруге болады.