Домбыра күні

Домбыра күні

Шілденің алғашқы жексенбісін ұлттық аспабымыздың төл мерекесіне айналдыру шешімі Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 12 маусымдағы №699 Жарлығымен қабылданған болатын. Домбыра күнінің ұлттық мерекеге айналуы – көнеден жеткен рухани байлығымызға берілген лайықты баға.

Үн арқылы ұғысқан, күй арқылы табысқан қазақтың домбыраға деген құрметі, махаббаты ерекше.

Павлодар ауданының «Балалар өнер мектебінің» ұстаздары мен тәрбиеленушілері «Жастар биі» халық күйін жайлауға шығып орындады.