World Robot Olympiad республикалық олимпиадасының қорытындысы

World Robot Olympiad республикалық олимпиадасының қорытындысы

Нұр-Сұлтан қаласының физика-математика бағытындағы «Назарбаев  Зияткерлік мектебі» негізінде 2022 жылғы 29-30 маусымда робототехника бойынша World Robot Olympiad республикалық олимпиадасы өткізілді. 

Олимпиада мақсаты – робототехникадан жарыстар ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларына шығармашылық қабілеттері мен проблемаларды шешу дағдыларын қызықты түрде дамытуға мүмкіндік беру.

Әр маусымда WRO қатысушылардың жасына сәйкес жаңа тақырып пен міндеттер жариялайды. Биылғы маусымның тақырыбы: «My robot – my friend»

Республика бойынша олимпиадаға қатысуға 220 бала жолдама алды.   

Павлодар облысынан үш мектеп командалары құрамында 6 оқушы қатысты: Мұрат Мұса мен Тлеубай Мансұр – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінен;– Қабанбай батыр атындағы облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатынан; Сагдыев Ислам мен Никитенко Владислав – Павлодар қаласы М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінен.

Олимпиада қорытындысында Future Engineers категориясы бойынша Қабанбай батыр атындағы облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатының 10 сынып оқушылары Игілік Дәурен мен Қабдурашит Серік алтын медаль, І дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлық - Lenovo планшетымен марапатталды.