«Жігер» балалар - жасөспірімдер клубының спортты қоржынындағы 4 медаль

«Жігер» балалар - жасөспірімдер клубының спортты қоржынындағы 4 медаль

Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокстан республикалық турнирге еліміздің әр өңірінен 350-ден астам спортшы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубына қарасты «Сауран» спорттық клубының қоржыны 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен толықтырылды.

Турнир жеңімпазы болып № 19 ЖОМ 5 сынып оқушысы Жамбербаев Алмаз атанды. Алмаз клубтың бокс секциясына екінші жыл қатысады. Бұл оның республикалық турнирдегі екінші медалі. 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан республикалық ашық турнирде қола медальді жеңіп алды.

Турнирдің күміс жүлдегері Жұмабеков Нұрдәулет, № 19 ЖОМ 6 сынып оқушысы. Клубта 2019 жылдан бері айналысады, 2021 жылы бокстан қалалық біріншіліктің қола жүлдегері атанды.

Турнирдің қола жүлдегерлері № 40 ЖОМ 3 сынып оқушысы Оразбай Азамат және № 24 ЖОМ 7 сынып оқушысы Темір Мүсірәлі. Азамат бокспен бірінші жыл айналысады, бұл медаль жас спортшының алғашқы жетістігі. Мүсірәлі бокс секциясына үшінші жыл қатысып келеді. Бұл оның бірінші жетістігі емес. 2021 жылы спортшы Нұр-Сұлтан қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында бокстан республикалық ашық турнирде күміс медальді, 2022 жылы «Шыңғыстаудың көкжалы» республикалық турнирінің күміс жүлдегері атанды.

Қазақстан мен СССР спорт шебері, бокстан І санатты төреші «Сауран» клубының педагогі Жаменкенов Ертай Хайролланұлында тәрбиеленушілер жаттығады.