Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері Satbayev University өндірістік тәжірибеден өтті

Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері Satbayev University өндірістік тәжірибеден өтті

Еліміздегі ең үздік зерттеу университеттерінің бірінің шақыруымен облыстық байқаудың төрт «алтын» иегері және киберқауіпсіздік бойынша республикалық чемпионаттың бір жеңімпазы оқуға аттанды. Балалар университеттің ең жоғары технологиялық жабдықтары, бай ғылыми-техникалық кітапханасы мен жайлы коворкинг орталықтары бар материалдық-техникалық базасын бағалай білді. Сондай-ақ, колледжіміздің студенттері университет зертханаларында жұмыс жасап, беделді профессорлардың дәрістерін тыңдау арқылы өз шеберліктерін шыңдады.

Бұл ынтымақтастық Павлодар ақпараттық технологиялар колледжі мен Satbayev University өткен жылы қол қойған меморандумның нәтижесі болды. Екіжақты ынтымақтастық аясында IT колледжінің түлектері Алматы университетінде білімдерін жалғастыруға бірегей мүмкіндік алды. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық аясында Алматы университетінде студенттеріміз бір семестрде жаңа дағдыларды меңгере алады. Бұл отандық ақпараттық технологиялар саласы үшін бұдан да сауатты және жоғары білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.