10 сыныптың 485 оқушылары дала жағдайында оқу-жаттығу жиындарынан өтті

10 сыныптың 485 оқушылары дала жағдайында оқу-жаттығу жиындарынан өтті

Дала жағдайында дәстүрлі оқу-жаттығу жиындары өтті. Карантиндік шектеулерден кейін алғаш рет. Оқушылар алғашқы әскери дайындық сабақтарында алған білімдерін іс жүзінде қолдана алды.

16 мамырдан 20 мамырға дейін оқушылар армия жарғысы бойынша бес күн болды. Жиын жыл сайын Шарбақты ауданының «Лесной сказке» балалар демалыс орнында өтеді. Оқу-жаттығу жиындары кезінде оныншы сынып оқушылары әскери даярлық негіздерін меңгереді.

- Біз оқу-дала жиындарының дәстүрін жаңғыртудамыз. Бірінші кезекте акция қазақстандық патриотизмді дамытуға бағытталған. Сіздер еліміздің болашағысыздар, - деді салтанатты рәсімде оқу-жаттығу жиынының бастығы Тайкебай Теміртай Арынұлы, Кенжекөл ЖОМ алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі.

Оқушыларды салтанатты түрде жиынға жіберу 16 мамыр күні Естай атындағы қалалық мәдениет үйінің алаңында өтті. Орналасу орнына келген оқушылар үшін әскери өмір басталды - таңертең ерте тұру, жаттығу жасау, таңғы ас ішу. Күні бойы атыс, саптық және тактикалық дайындық бойынша практикалық дағдыларды алды, қол күрестің негіздерін игерді, Қазақстан Республикасы әскери қызметінің Жарғысын, топография мен азаматтық қорғау негіздерін зерделеді.

Жаттығу сабақтарынан басқа оқушыларға спорттық-бұқаралық іс-шараларға, қызығушылықтары бойынша үйірмелерге, көркем өнерпаздар үйірмелеріне қатысу мүмкіндігі берілді.

Жыл сайын акцияны ауған жауынгерлері қолдайды. Олар бір күнді мектеп оқушыларына арнайды. «Борыш, абырой, батылдық» ерлік сабақтары, әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша іс-шаралар өткізіледі, естеліктерімен бөліседі және далалық жағдайда дайындалған тағамдармен тамақтанады.

Жиын қорытындысы бойынша жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру, мәдени-спорттық іс-шараларға қатысу кезінде сабақтарда ерекшеленген оқушылар мен олардың мұғалімдері Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталды.