Көркем әдебиетті оқу бойынша радиоконкурсқа қатысушылар

Көркем әдебиетті оқу бойынша радиоконкурсқа қатысушылар

Павлодар қаласы  білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Ертіс медиа» ЖШС Halyk radiosy бірлесіп қаланың  № 5, 6, 11, 14, 29, 34,43 мектептерінің  7 сыныптың  106 оқушы қатысуымен «Кел, балалар, оқылық» конкурсын өткізді. Байқау 2022 жылдың ақпан - сәуір айларында үш ай бойы өтті. Көрсетілген кезеңде қатысушылармен ұсынылған әдебиеттерді оқу үшін тапсырманы алу бойынша 6 сабақ өткізілді. Бір кітапты оқу үшін 2 апта бөлінді, содан кейін 7 қатысушы радионың тікелей эфиріне шықты , қалғандары WhatsAppHalykradiosy-ға жауаптарын жіберді, сонымен қатар тыңдаушылар тікелей эфирге қатысты. Осы уақыт аралығында Ш. Айтматовтың «Пегий пес, бегущий краем моря», Г. Троепольскийдің «Белый Бим Черное ухо», Э. Портердің «Поллианна», В. Короленконың «Дети подземелья», М. Әуезовтің «Серый Лютый», Эрнеста Хэмингуэй «Старик и море» шығармалары оқылды.

Байқау қорытындысы бойынша тікелей эфир қатысушылары арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. I орынды № 11 ЖОМ оқушысы Таймас Камила, II орынды № 34 ЖОМ оқушысы Бексолтанов Сабит, III орынды № 29 ЖОМ оқушысы Кошнян Тимур иеленді. Құрмет грамотасымен Аллахверд Камал (№ 5 ЖОМ), Байльдинова Жансая (№ 6 ЖОМ), Нечитайлова Яна (№ 14 ЖОМ), Марат Таңат (№ 43 ЖОМ) оқушылары марапатталды. Байқау ережесіне сәйкес № 11 ЖОМ оқушысы Ерманова Ботагоз WhatsApp тобында дипломант атанды.

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық марапатталған қатысушылар Halykradiosy «Ертіс медиа» ЖШС ақшалай сертификаттарын алды.