Францияда өтіп жатқан гимназиядадағы павлодарлық оқушының алтын медалі

Францияда өтіп жатқан гимназиядадағы павлодарлық оқушының алтын медалі

16 - 18 жас аралығындағы павлодарлық оқушылар - ең ірі мультиспорттық оқиғаның дебютанттары. Олар спорттың 20 түрі бойынша қатысады. Ұлттық құрамаға Қазақстанның 200-ден астам оқушысы, оның ішінде Павлодар облысының 9 спортшысы кірді.
- Бүгін жарыстың бесінші күні, - деді өңірлік дене шынықтыру оқу-тәжірибелік орталығының басшысы Бақтияр Түсіпов. - Еркін күрестен алтын медальін Павлодар қаласының № 12 ЖОМ оқушысы Сұлтан Қайыржан жеңіп алды. Ол 45 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Сұлтан 9-сыныпта оқиды, «Батыр» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ермырза Сыздықовпен жаттығады.
Павлодарлық оқушылар жеңіл атлетика, жүзу, садақ ату, спорттық гимнастика, таэквондодан сынға түседі. Гимназиадаға әлемнің 64 елінің өкілдері қатысуда.