Ағымдағы жылы WRO-2022 өңірлік кезеңіне "Legotron"командасы қатысты. Қатысушылар Мұзафара Әлімбаев атындағы ЖОББМ 5-сынып оқушылары Сағдиев Ислам және Никитенко Владислав болып табылады.. Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда "Legotron" онлайн режимінде өткен республикалық кезеңде 3 жүлделі орынға ие болды.
Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде "Legotron" командасы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында өткен "Elementary" санатында өңірлік кезеңде 1-орын ие болды.
WRO-2022 робототехника олимпиадасының аймақтық кезеңінің нәтижелері бойынша I орын алған командалар 2022 жылғы 29-30 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін WRO-2022 республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы WRO ұлттық ұйымдастырушысы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ болып табылады . Біздің елімізде жыл сайын WRO халықаралық ережелері аясында іріктеу аймақтық және республикалық олимпиадалар өткізіледі. Ұйымдастырушылардың міндеті-мүмкіндігінше көп жастарға робототехникадан жарыстар ұйымдастыра отырып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен проблемаларды қызықты түрде шешу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру. Әр маусымда WRO қатысушылардың жасына сәйкес келетін жаңа тақырып пен тапсырмаларды жариялайды. WRO 2022 маусымының тақырыбы "Менің роботым-менің досым"
Робототехника мен жасанды интеллекттің үйлесімі әлемді, әсіресе адамдардың өмір сүру ортасын өзгерте алады.
Маусымның міндеттері роботтардың адамдарға қалай көмектесе алатындығына байланысты. Робот пен адамның өзара әрекетін қалай пайдалы және қауіпсіз ете аламыз? Командалар күнделікті өмірде бізге қамқорлық жасайтын, құтқаратын немесе қызмет көрсететін роботтарды салады.
Қазір балалар республикалық кезеңге белсенді дайындалуда, онда олар еліміздің басқа өңірлерінің үздіктерімен бақ сынасады. Балаларымызға жеңіс тілейміз.