"БАЛАБАҚША-БАСТАУЫШ МЕКТЕП-НЕГІЗГІ МЕКТЕП САБАҚТАСТЫҚ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ" ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАРЫ

"БАЛАБАҚША-БАСТАУЫШ МЕКТЕП-НЕГІЗГІ МЕКТЕП САБАҚТАСТЫҚ  ШЕҢБЕРІНДЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ" ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАРЫ

Ағымдағы жылдың 13 мамырында "№1 арнайы кешен балабақша-мектеп-интернаты" КММ базасында "Балабақша - бастауыш мектеп - негізгі мектеп сабақтастық шеңберінде қосымша білім беруді ұйымдастыру" облыстық семинары өтті.

Мақсаты: сабақтастық шеңберінде қосымша білім беру ұйымы арқылы өзін-өзі жүзеге асырудың алғышарттары ретінде және оқушылардың әлеуметтенудің жоғары сапасы барынша мүмкін болатын дербестікке және тәуелсіз өмірге қол жеткізуі үшін қолайлы жағдайлар жасау. Семинардың мақсатты аудиториясы қосымша білім беру педагогтары мен Павлодар облысының арнайы білім беру мекемелерінің тәрбиешілері болды.

Семинар барысында оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыру мәселелері және оқушылардың бәсекеге қабілеттілік факторларының бірі ретінде осы мақсатқа қол жеткізу жолдары талқыланды. Балабақша әдіскері Ю.В. Слатвинская балабақша мен бастауыш мектептің сабақтастығы аясындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. №1 мектеп-интернаты басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары И.С. Камардина қатысушыларды бастауыш және негізгі мектептегі сабақтастық шеңберінде  қосымша білім беруді ұйымдастыру туралы ақпаратпен таныстырды. Ұсынылған ақпарат білім беру сабақтастығы шеңберінде білім алушының тұлғасына бағдарланған жаңа педагогикалық технологияларды қолдануға қабілетті тәрбиешілердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру үшін жағдай жасауға бағытталған. Балабақша тәрбиешілері семинарға қатысушыларға экскурсия өткізіп, педагогтардың оқу-тәрбие үрдісінде орындаған әдістемелік құралдарын пайдалану туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, мектеп тәрбиешілері үйірме жұмысы, жобалық қызмет бойынша практикалық сабақтар өткізді.

Қонақтар назарына әр түрлі деңгейдегі шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары болған №1 мектеп-интернат оқушыларының орындауындағы концерт ұсынылды.

Семинар соңында қатысушылар оң пікірлер қалдырып, балабақша-бастауыш мектеп - негізгі мектеп сабақтастық аясында қосымша білім беруді ұйымдастыру бойынша жұмыс мазмұнының өзектілігін атап өтті. Қатысушыларға семинарға қатысқанын негіздейтін сертификаттар берілді.