«Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебат турнирінің облыстық кезең қорытындылары

«Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебат турнирінің  облыстық кезең қорытындылары

Оқушылардың шешендік өнер дағдыларын қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, қарым - қатынас дағдыларын дамыту мақсатында 2022 жылғы 1-3 ақпанда М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында (онлайн форматта) «Ұшқыр ой алаңы» республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі өткізілді.

Турнирге 8-11 сынып оқушылары, аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты. Аталған іс-шараға 37 команда қатысты. Турнир американдық парламенттік формат (АПФ) бойынша өткізілді.

Төрешілер алқасына Павлодар педагогикалық университетінің «Ақиқат» және «Veritas» дебат клубтарының тәжірибелі дебатерлері кірді. Қазақ лигасындағы бас төреші – Жұмағазы Жанель, орыс лигасындағы бас төреші - Алимов Никита.

Облыстық турнир қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Қазақ лигасындағы жеңімпаздар:

1-орын - «Жаңа көзқарас» командасы, Павлодар қаласының № 19, 25 ЖОМ;

2-орын - «Дивергент» командасы, Ақтоғай ауданының Абай атындағы ОМ;

3-орын - «Риторика» командасы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернат,  «Жалын» командасы, Аққулы ауданының Шарбақты ЖОМ.

Қазақ лигасында номинациялармен марапатталғандар:

«Үздік оратор»  -  Идрисова Аяулым, «Liberty» командасы, Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясы.

«Үздік аналитик» - Бейіс Шыңғысхан, «Парасат» командасы, Павлодар ауданының Мичурин ЖОМ. 

Орыс лигасындағы жеңімпаздар:

1-орын - «Қыран» командасы, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясы;

2-орын - «Жастар» командасы, Шарбақты ауданының «Радуга» ЦВР;

3-орын – «Invictus» командасы, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі, «TED-X» команда командасы, Екібастұз қаласының  дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебі.

Орыс лигасында номинациялармен марапатталғандар:

«Үздік оратор» - Куанов Руслан,  «Фортуна» командасы, дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы мектеп-интернат;

«Үздік аналитик» - Амельченко Данил, «Харизма» командасы Ақсу қаласының №4 ОМ.

«Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебат турнирінде өңіріміздің орыс лигасында «Қыран» командасы, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы, қазақ лигасында – «Жаңа көзқарас» командасы, Павлодар қаласының №19 ЖОМ және №25 ЖОМ құрама командасы және Ақтоғай ауданы Абай атындағы ОМ «Дивергент» командасы қатысады.