Орыс және ағылшын тілі мұғалімдерінің олқылықтарын толтыру бойынша каникул мектебі

Орыс және ағылшын тілі мұғалімдерінің олқылықтарын толтыру бойынша каникул мектебі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Оқу пәні - фокуста» бірыңғай әдістемелік күні аясында 2 секцияда 150-ден астам орыс және ағылшын тілдерінің мұғалімдері офлайн және онлайн режимінде семинар өткізді. Мақсаты-жұмыс тәжірибесімен алмасу, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың білім олқылықтарын толтыру бойынша жұмыстың жаңа белсенді түрлерін іздеу. № 25 және 36 мектептердің әдістемелік пәндік бірлестіктерінің мұғалімдері өз тәжірибелерін ұсынды. Модераторлар мектеп басшыларының орынбасарлары Рауза Амангелді және Копыльцова Надежда Владимировна болды. Сонымен, секция жұмысында офлайн режимінде мемлекеттік тілде оқытатын қатысушылар үшін № 25 мектеп мұғалімдері өз тәжірибесін ұсынды. Қазақ сыныптарындағы орыс тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Смаилова  Батима Сейфуллаевна оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру,диагностика  өткізу бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу, әдістемелік бірлестік жұмысын жоспарлау, қайталауға тапсырмалар құрастыру бойынша орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің жұмыс жүйесін ұсынды.

Мұғалімдер Иманбекова Сандугаш  Жолдасовна, Дюсембаева Гульнара Абуовна, Ибраева  Айман  Муратхановна өздерінің жинақталған практикалық материалдарын ұсынды, орта буындағы олқылықтарды толтыру бойынша сабақта жұмыстың белсенді және тиімді тәсілдерімен және әдістерімен бөлісті. Барлық мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстарын, атап айтқанда Gooql қосымшасын белсенді қолданады. Хамитова  Нағима Мукатаевна цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы 11-сыныптардағы орыс тілі сабақтарында алған білімдерін толықтыру бойынша жинақталған тәжірибесін айтып берді.

Ағылшын және орыс тілдері мұғалімдерінің ZOOM режиміндегі жұмысы секциясында № 36 ЖОМ әдістемелік бірлестіктерінің мұғалімдері оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды толтыру бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Ағылшын тілі мұғалімі Турий-Ладыко Александра Игоревна білім алушылардың бағдарламалық материалды нашар меңгеруіне және үлгермеуіне жол бермеу бойынша жұмысты ұйымдастыру сұрақтарымен таныстырды.

Ағылшын тілінде орта буын үшін тыңдауды ұйымдастыру және олқылықтарды жою бойынша практикалық жұмыстар мен ұсыныстарды Колот Розалия Валерьевна бөлісті. Мектептің ағылшын тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Анна Владимировна Пилипенко «Бастауыш мектептегі ағылшын тілі сабақтарындағы білім кемшіліктерін толтыру процесінде электрондық дидактикалық ойындардың әлеуеті» тақырыбындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмысты қалай ұйымдастыруға болатынын Гүлнар Ленесовна Амренова айтып берді. «Орыс тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысында оқушылардың білімі мен дағдыларындағы олқылықтарды анықтау және жою» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Загравская  Кристина Дмитриевна сөз сөйледі. Сондай-ақ, Наталья Леонидовна Зорина, Софья Сергеевна Шевчук талқыланған мәселе бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.