Бастауыш мектеп оқушыларының білімдеріндегі олқылықтарды жоюдың тиімді әдістері

Бастауыш мектеп оқушыларының білімдеріндегі олқылықтарды жоюдың тиімді әдістері

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Оқу пәні фокусында» бірыңғай әдістемелік күні аясында қаладағы жалпы білім беретін мектептердің 100-ден астам бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онлайн семинар өтті.

«Білім алушылардың білімін толықтыру және олқылықтарды жою үдерісін әдістемелік сүйемелдеу бойынша жүйелі жұмыс туралы» семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Кайргазина Шолпан Шахановна сөз сөйледі. Аталған мәселе бойынша № 41 ЖОМ бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары Байдельдинова Анар Жұмабайқызы бастауыш мектеп оқушыларының білім олқылықтарын толтыру бойынша іс-шаралар жоспарын ұсынды.Бастауыш сыныптардың әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Тенизбаева Айнур Сериковна педагогтердің өздері әзірлеген бастауыш мектептегі оқу техникасының мониторинг ісімен таныстырды.

Педагог-зерттеуші Зинат Согымбаевна Бариева семинарға қатысушыларға «Математика сабағында білімдегі олқылықтарды жою үшін АКТ-технологияларын тиімді пайдалану» практикалық презентациялық материалын көрсетті. Қойылған міндетті іске асыру үшін АКТ-технологияларын - Quizizz, QR-код, Google нысанын пайдалана отырып, оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктер мен олқылықтарды жою моделі ұсынылған.Тезекпаева Самал Мегражевна «1-сыныпта оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыс» тақырыбында сөз сөйледі. «Мнемотехника», «Көңіл-күй», «Төрттік» жұмыс тәсілдерін қолдануды көрсетті. Суженова  Мадина Буржановна математика сабақтарында үлгерімі нашар балалармен жұмыс істеудің тиімді тәсілдеріне қол жеткізді. Жұмыс түрлері туралы айтып, үлгерімі нашар оқушыға көмек көрсету бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Оразова Динара Өтегенқызы қазақ тілі сабақтарындағы олқылықтарды жою бойынша қалай жұмыс істейтінін айтты. Косова Людмила Петровна, зерттеуші-педагог 4 сыныпта әдебиет сабағындағы  мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру тәсілдеріне тоқталды. Бастауыш сынып мұғалімі Анастасия Владимировна Голубко 2-сыныпта орыс тілі сабақтарындағы олқылықтардың орнын толтыру бойынша стандартты емес тапсырмалар бойынша сөз сөйледі. Педагог - зерттеуші Лаврикова Наталья Геннадьевна 4-сыныпта білім алушылардың білім жетістіктерін жаңа мониторингке (МОДО) дайындық кезінде олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмысты көрсетті. Тест тапсырмаларының ерекшеліктерін ашып, күрделіліктің үш деңгейі бойынша мысалдар келтірді.

Семинар қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар мазмұнды ұсыныстар берді.Семинар материалдары қалалық мектептерге әрі  қарай жұмыста пайдалану үшін жолданды.