Ынтымақтастық туралы Меморандум

Ынтымақтастық туралы Меморандум

2022 ж 14-ші қаңтарда "Жас ұрпақ" КМҚК мен "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" КММ арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

 Меморандумның негізгі мәні әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы, социумдағы жанжалсыз қарым-қатынас дағдыларына үйрету, бірлескен семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, жобалар, бағдарламалар, клубтарда тегін сабақтар әзірлеу және іске асыру, БАҚ-да бірлескен жарияланымдар, әлеуметтік-құқықтық тәрбие саласында тәжірибе алмасу, халықаралық жобалардағы жұмыстың жаңа технологиялары туралы ақпарат беру мәселелерінде өзара іс-қимыл бойынша ынтымақтастықты қамтамасыз ету болып табылады.

Осындай ынтымақтастықтың бірлескен іс-қимылдарының нәтижесі "Ұрпақтар сабақтастығы" бағдарламасының тиімділігін арттыру, сондай-ақ біздің тәрбиеленушілерімізге көмек көрсету және қолдау көрсету болады.

Болашақта біздің ынтымақтастығымыз нығайып, жемісті болады деп сенеміз.