420-дан астам оқушы қалалық пәндік олимпиадада білімдерін тексерді

420-дан астам  оқушы  қалалық  пәндік олимпиадада білімдерін  тексерді

Қалалық  пәндік   олимпиадаға   қаланың 40 жалпы   білім беру мектептерінің 5-6 сыныптың  423 оқушысы  қатысты. Олимпиада 2021 жылдың  26  қарашасында   математика, жаратылыстану, ағылшын  тілі, Қазақстан тарихы, қазақ  тілі мен әдебиеті, орыс  тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқитын оқушылар үшін қазақ  тілі, қазақ  тілінде  оқитын  оқушылар   үшін орыс   тілі  бойынша  өтті. Мақсаты-шығармашылық   қабілеттерін   дамыту, өзін-өзі  танытуға  ықпал  ету, түрлі деңгейдегі   олимпиадаларға  қатысу  үшін  дарынды   балаларды   қолдау. Олимпиада қаланың 8 жалпы  білім  беретін   мектептерінде  өтті.

Олимпиада   қорытындысы    бойынша 180 оқушы   жүлделі   орындарға  ие  болды, оның   ішінде   I орын - 17, II орын - 45, III орын -118 қатысушы.

Олимпиаданың   облыстық   кезеңіне   желтоқсан   айында   қалалық  кезеңнің 17 жеңімпазы  қатысады: № 2 ЖОМ 6-сынып оқушысы  Құрбан   Әнел, № 2 ЖОМ 5-сынып оқушысы    Бауыржан     Зәуреш, № 9 ЖОГМ 6-сынып оқушысы   Иманғұлов    Арғын   және   Острейко Арина, № 11 ЖОМ 6-сынып оқушысы Әмірханова   Венера, №14 ЖОМ 5-сынып оқушысы Дымченко София, № 17 ЖОМ 6-сынып оқушысы  Кинаятова   Мерей, № 17 ЖОМ 6-сынып оқушысы № 24 ЖОМ 6 сынып оқушысы Мысыр  Санжар, № 25 ЖОМ 6 сынып оқушысы Әділбек   Нұрәлі, № 34 ЖОМ 5 сынып оқушысы Узденская Анастасия, № 35 ЖОМ 6 сынып  оқушысы    Романқызы   Аружан,   № 36 ЖОМ 5 сынып  оқушылары   Гальченко Илья   және Хохлова Виктория,  № 37 ЖОМ 5 сынып оқушысы Сеитов Самир,  № 37 ЖОМ 6 сынып  оқушысы   Бегежанова  Аружан, № 43 ЖОМ 5 сынып    оқушысы   Дрючина    Мария, КЖОМ 5 сынып  оқушысы Элимесұлы   Жігер. Облыстық    кезеңнің    жеңімпаздары   республикалық  олимпиадаға қатысады.