Республикалық ғылым фестивалінің STEM - олимпиадасы

Республикалық ғылым фестивалінің STEM - олимпиадасы

2021 жылғы 27-28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы «Quantum STEM School» базасында Қазақстан Республикасының оқушылары үшін Республикалық Ғылым Фестивалінің STEM - олимпиадасы өтті, оған Павлодар қаласының «Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты» ММ-нің оқушылары қатысты. STEM - олимпиадасының қорытындылары бойынша 200-ден аса оқушы арасында 11 «А» сынып оқушылары Елтай Айдар қола медаль иегері, Қаббар Ақдәулет ынталандыру сыйлығының иегері атанды. Жүлдегер мен қатысушы бағалы сыйлықтармен марапатталды.