“Жарқын жастық-баянды болашақ” облыстық кітапханада кездесу

“Жарқын жастық-баянды болашақ” облыстық кітапханада кездесу

Павлодар машина жасау колледжінің студенттері Торайғыров атындағы облыстық кітапханасында өткен «Жарқын жастық-баянды болашақ» атты Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған кешке қатысты. Осы шараға желтоқсан оқиғасының куәгері, сол кезде өткен жастар арасындағы толқуда болған Омарова Гүлнар Тегимбаевна шақырылды. Гүлнар Тегимбаевна сол күндері өз басынан өткен естеліктермен бөлісті және Қазақстанның болашағы- жастар қолында екені жөнінде айтты.
Қазақстанымыздың тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы және де Тұңғыш Президентіміздің күні қарсанына байланысты туындап отырған мерейтойларға Қазақстанның өз тәуелсіздігін қалай алғанымен бірге Елбасының жүріп өткен іздеріне экскурсия жасалды