Павлодарда жаңа шыңдық жағдайындағы білім беруді дамытудың стратегиялары талқыланды

Павлодарда жаңа шыңдық жағдайындағы білім беруді дамытудың стратегиялары талқыланды

Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Жаңа шындық жағдайындағы білім беруді дамытудың стратегиялары және қазіргі заманның сын – қатерлері» атты республикалық ғылыми – практикалық конференция өткізді.

Конференцияда ақпараттық қоғам тарапынан қазіргі білім беруге деген негізгі сын-қатерлер қаралды. Білім беру субъектілерінің осы сын-қатерлерді ұғынуы білім беру мекемесінің қызметінде жоғары тиімді білім беру жүйесін құру үшін қандай мүмкіндіктерді пайдалануға болатындығы талқыланды.

Конференцияда ұйымдастырылған бес секцияға Нұр-Сұлтан, Алматы, Көкшетау, Семей, Қостанай қалаларынан білім саласының өкілдері, ғалымдар мен әдіскерлер, білім ордаларының директорлары, мұғалімдер қатысты.

Пленарлық мәжілісте қатысушылар заманауи білім беру технологияларын енгізу негізінде дамытушы білім беру ортасының мәселелерін, мектепке дейінгі білім берудің басым бағыттары, креативті ойлауды бағалаудың негізгі тәсілдері, кәсіптік білім беруде қашықтықтан оқыту  туралы сөз қозғалды.

Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының вице -  президенті Нұрбек Пұсырманов конференцияның кіріспе сөзінде жиынның маңыздылығын атап өтті. Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаменті директорының орынбасары Сыздыкбаева Ризагуль Сериковна  «PISA-2022 шеңберіндегі креативті ойлауды бағалау ерекшеліктері» туралы өз ойымен бөлісті. Павлодар облысы білім беру басқармасының Б.Ахметов атындағы жоғары Педагогикалық колледж басшысы Шабамбаева Мираш Камзеновна қашықтықтан оқыту форматындағы кәсіптік білім беру мәселелерін көтерді. Пед.ғылымдарының кандидаты, Павлодар педагогикалық университетінің жоғары Педагогика мектебінің қауымдастырылған профессоры Боталова Ольга Борисовна заманауи білім берудің негізгі трендтеріне тоқталды.

Концеренцияның 5 секциялық отырыстарында білім саласының түрлі бағыттары туралы айтылды. Қатысушылар мектепке дейінгі білім беру педагогтері білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тәжірибесімен танысты.

Инклюзивті білім беру педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттыру маңыздылығы және бейінді оқытудың өзектілігі жайлы сөз қозғалды.  Сондай-ақ  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілерін сүйемелдеудің жолдары ұсынылды. Білім алушылардың цифрлық және ақпараттық сауаттылығын дамытуға бағытталған заманауи білім беру технологияларын жетілдіру маңызды. Әрі заманауи мектеп кітапханаларының - шығармашылық және зияткерлік дамудың орталықтарының жұмысын да көрсету керек. . Сол себепті осы тақырыптар да конференцияда кеңінен талқыланды.

Алдағы уақытта конференция жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылардың мақалалар жинағы жарыққа шығады.